Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

«Ариана ауған орталығы» қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесу

22.10.2018

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің шығыстану факультетінде «Ариана ауған орталығы» қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. 2009 жылдан бері «Ариана» білім мен мәдениетке қатысты істермен және Қазақстан аумағындағы ауған диаспорасы өкілдеріне заңдық және құқықтық көмек көрсетумен айналысып келеді. 

Ары қарай оқу >>

Пәкістан Ислам Республикасы бизнес саласының өкілдерімен кездесу

16.10.2018

2018 жылдың 12 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре мырза Алматыдағы Пәкістан Ислам Республикасының бизнес саласының өкілдері, Star Sports International компаниясының бас атқарушы директоры Хабибуллах Ахтар мырза, MBA Management Президенті Хабиб Пирзада мырза, International Publishing House “Yellow Pages” маркетинг директоры Сарфараз Хуссаин мырзалармен достастық кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>

2018 жылдың 3 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің үндістану бөлімі Үндістанның саяси қайраткері, «Ұлт Әкесі» Махатма Гандидің туған күніне арналған іс-шара өткізді.

09.10.2018

2018 жылдың 3 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің үндістану бөлімі Үндістанның саяси қайраткері, «Ұлт Әкесі» Махатма Гандидің туған күніне арналған іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

Бірлік – береке бастауы

08.10.2018

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Сомониен» тәжік этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары, дипломат Иноятуло  Валиев  және «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкірмен кездесу өтті. Кездесу «Бірлік-береке бастауы» тақырыбы бойынша өтті. 

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Р.А.Алпысбаевпен кездесу

05.10.2018

2018 жыл қазан айының 4-жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, PhD, сонымен қатар аталмыш университеттің араб бөлімінің түлегі Р.А. Алпысбаевмен кездесу өтті. Кездесуге факультет деканы Ы.М. Палтөре, кафедра меңгерушісі К.Т.Ғабдуллин, магистрант-студенттер және оқытушылар қатысты.

Ары қарай оқу >>