Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Корей тілі Олимпиадасы жеңімпаздары

25.11.2018

23-24 қарашада Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде корей тілінен ауқымды xалықаралық олимпиада өткізілді.  Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейдің 15 жоғары оқу орнынан 40 студент қатысты.

Ары қарай оқу >>

Brain Ring интеллектуалды ойыны

20.11.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының 1-курс студенттері арасында, студенттердің интеллектуалды біліктілігін дамыту мақсатында Brain Ring жарысы ұйымдастырылуда.

Уақыты: 22 қараша; сағат 15:00

Орны: 546- аудитория

Ұйымдастырушылар: Түрксой кафедрасының аға оқытушылары: А.Б. Балахожаева, Н.Д.Сұлтанбаева.

Ары қарай оқу >>

«Трансұлттық қауіп-қатерлер, терроризм және қауіпсіздік мәселелері» Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің дипломаттарымен өткізілген конференция

20.11.2018

2018 жылдың 12-14 қараша аралығында «Трансұлттық қауіп-қатерлер, терроризм және қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің дипломаттарына арналған бағдарлама өткізілді. Аталмыш бағдарлама ИҰЫ-ның Бас хатшылығымен жүргізіліп, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің қаржыландыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өтті. Бұл шарада Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас Хатшылығындағы бейбітшілік, қауіпсіздік және жанжалдарды реттеу мәселелері жөніндегі бөлім басқарушысы А.Мусинов, ҚР Сыртқы Істер министрлігі Азия ынтымақтастығы департаментінің Бас директоры А.Бақаев, Пәкістанның Сыртқы Істер Министрлігінде дипломаттық қызметті атқарушы В.Ахсан сөз сөйледі. Аталмыш бағдарлама терроризм мен ұйымдасқан қылмыстан туындайтын әлемге қауіп-қатерді жақсы түсінуге әсер ететін болады. Қатысушыларға Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Африка, Орталық Азия, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтардағы қазіргі қауіпсіздік жағдайлар туралы қысқаша брифинг өткізілді.

Ары қарай оқу >>

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

20.11.2018

 

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері, оқытушылары!

Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығы

Махатма Ганди атындағы № 92 дарынды балалар лицейі

Сіздерді

Үнді поэзиясының кешіне шақырады!

Ары қарай оқу >>

Ынтымақтастықты орнатудағы алғашқы қадамдар!

19.11.2018

Университеттің стратегиялық дамуы мен сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Шығыстану Факультетінің Қиыр Шығыс Кафедрасы 2018-2019 оқу жылының бірінші жарты жылдығында Сонмун Университетінің студенттерімен бірге қысқы мектепті ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу

16.11.2018

2018 жылдың 13 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетіне Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Имтиаз Ахмад Кази мырза арнайы келді. Елшімен Алматыдағы Пәкістан Ислам Республикасының Өкілдігінің консулы Басит Салим Шах, Пәкістан Ұлттық Банкінің Басқарма Төрағасы Рафик Мухаммад мырза құрметті қонақ ретінде бірге болды. 

Ары қарай оқу >>

Жапон елшілігінің экономика және экономикалық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысының дәрісі

14.11.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында Қазақстандағы Жапония елшілігінің экономика және экономикалық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Ишибики Юкио мырзаның Жапонияның экономикалық даму үрдісі жайлы арнайы дәрісі өтті

Ары қарай оқу >>

ХАБАРЛАНДЫРУ!

09.11.2018

2018 жылдың 12-14 қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ислам Ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттердің дипломаттарына арналған іс-шара ұйымдастырылады. Атаулы шараға Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары және студенттері атсалысады. Оқытушылар аудармашы ретінде, ал студенттер волонтер ретінде қатысады.

 

Ары қарай оқу >>

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР, ДОКТОРАНТТАР, МАГИСТРАНТТАР МЕН СТУДЕНТТЕР!

09.11.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасы Түркия Республикасы Орталық Шығыс Техникалық университетінің профессоры Хусейн Бағжы Мырзаның қатысуымен «Түрік сыртқы саясатының негізгі динамикасы» тақырыбында ғылыми семинар өткізеді. Келем деушілерге есік ашық!

Ары қарай оқу >>

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР!

09.11.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында түркітанушы-ғалым Аманқос Мектеп-тегінің «Руника жазуының құпиясы» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырады. Семинар ежелгі түркі-қазақ руханияты мен өркениетіне арналады. Түркітанудың іргетасы – рунология ілімінің жұмбақ болып келген қыр-сыры, оның ұлттық әдет-ғұрып, салт-сана, рулық таңбалармен байланысы туралы нақты деректер, аңыз-әңгімелер, табу мен тотемнің астарын сипаттап, сөз атауының шығу тегін ғылыми тұрғыда төркіндете таратады.

Ары қарай оқу >>