Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Қиыр Шығыс кафедрасында корей халқының ұлттық мейрамы «Чусокты» атап өтті

09.10.2023

іс-шараға Қиыр Шығыс кафедрасы, Корейтану бөлімінің 1-4курс студенттері қатысты. Мерекеміз Корейтану бөлімінің меңгерушісі Ж.А. Жаханованың құттықтау сөзімен басталып, 1 курс студенттеріне мейрам жайлы қысқаша түсінік берілді.

Ары қарай оқу >>

Дәстүрге айналған танысу кеші

09.10.2023

Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінде біраз жылдан бері қалыптасқан бір жақсы дәстүр бар – оқу жылының басында жоғарғы курс студенттері оқуға жаңадан түскен студенттерге арнап танысу кешін өткізеді. Студенттер арасында өзара достық қарым-қатынас пен сыйластық орнауына сеп болатын өте жақсы дәстүр.

Ары қарай оқу >>

ҚХР жоғары оқу орындары өкілдерімен кездесу өтті

09.10.2023

2023 жылдың 5 қазанында Қытай Халық Республикасынан бір топ жоғары оқу орындары өкілдері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультетіне келіп, факультет және кафедра ұжымымен танысып, кездесу өткізді. Олар Алматы қаласына тәжірибе және мәдени таным-біліммен алмасу мақсатында келген.

Ары қарай оқу >>

Солтүстік Батыс университетінің делегациясы Шығыстану факультетіне келді

18.07.2023

Конфуций институтының директоры Р.Ө. Асылбеков пен Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Е.Ә.Керімбаев студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, болашақта біздің университетте оқуға шақырды.

Ары қарай оқу >>

Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Назарбаев университетінде 2023 жылдың 16-17 маусымда 11-ші Орта Азиялық корейтану бойынша ғылыми конференциясына қатысты

23.06.2023

Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлары мен аға оқытушыларынан құралған үлкен делегация Назарбаев университетінде 2023 жылдың 16-17 маусымында өткен «Өзгермелі Орта Азия және корейтанудың жаңа парадигмасы» атты 11-ші Орта Азиялық корейтану бойынша ғылыми конференциясына қатысты. 

Ары қарай оқу >>