Пуатье университетінің делегациясы механика-математика факультетінде

14.04.2023

Көрулер: 478

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев кемелденген, өркендеген жаңа Қазақстан құру үшін еліміздің алдында бірнеше міндеттердің тұрғанын атап өткен еді. Ол басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ғылыми-мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу. Оны жүзеге асыру үшін елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, білім гранттарының санын көбейту, елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу.

Осы орайда президентіміздің тапсырмаларына өз үлесімізді қосу және білімді, ғылымға жаны құмар мамандар дайындау мақсатында, сонымен қатар 12 сәуір- ҚР Ғылым қызметкерлері күніне орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түрлі конференциялар мен ауқымды іс-шаралар өткізілді. Осы мереке аясында механика-математика факультетіне францияның Пуатье университетінің делегациясы ресми сапармен келді.

Пуатье университеті Еуропада алғаш ашылған оқу орындарының бірі болып табылады. Пуатье университетінде оқыған түлектердің қатарында Фрэнсис Бэкон, Джоашен Дю Белле, Барнабе Бриссон, Франсуа Виет, Рене́ Декарт, Франсуа Рабле, Онезим Реклу сияқты көрнекті адамдар болған. Айтылған тұлғаларды көріп университет жоғарғы деңгейлі екенін көруге болады. Делегация құрамында Пуатье университеті математика кафедрасының меңгерушісі профессор Джулиен Мишель, кафедраның халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі, доцент Фарида Еникеева, халықаралық экономика бөлімінің меңгерушісі, доцент Филипп Роджон болды. Олар өздерінің университтеті бойынша толық ақпарат берді. Математика саласы бойынша ғалымдарының ғылыми жетістіктерімен таныстырып, келесі бағыттар бойынша ғылыми топтар бар екенін көрсетті:

- Алгебра, геометрия және талдау;

- Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер;

-Ықтималдық және статистика;

-Деректерді талдау және есептеу.

 

Сонымен қатар оқу үрдісі бойынша іс-тәжірибелерімен алмасты.

 

Кездесу барысында ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы ф-м.ғ.д., профессор У.С.Әбдібеков екі университет арасында математика саласы бойынша байланысты күшейтуді ұсынды. Білім беру, ғылыми зерттеулер мен жобалар, білікті кадр даярлау бағыты бойынша жоспарлар пысықталды.

Әлемнің үздік университеттерінің іс тәжірибелерімен танысу, пайдалы ақпараттарды алып, оны ендірудің пайдасы орасан зор. Осындай тәжірибе алмасулар университетіміздің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырып, деңгейлері қазіргіден де жоғары сапалы маман даярлауға жол ашатытына сеніміміз мол.