Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Теориялық математика және ғылыми есептеулер институтының директоры Н.Темірғалиевпен кездесу

12.02.2018

Көрулер: 3589

 

        2018 жылы 12 ақпанда сағат 10-да ҚазҰУ –ң механика-математика факультетінде студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Теориялық математика және ғылыми есептеулер институтының директоры Н.Темірғалиевпен кездесу өткізді.

          Баяндаманың тақырыбы «Математикалық анализді оқытудың өзекті мәселелері». Ғалым өзінің Математикалық анализ кітабының екінші басылымы туралы, енгізілген қосымша материалдар және жалпы ғылымдағы қазіргі ахуал мен жастардың мақсат, міндеттеріне толық тоқталды. Кездесу қатысқандар үшін өте пайдалы болды.