Кафедраның жаңалықтары
Кураторлық саға
07.12.20214 курс. Актуарлық математика.
«Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі – тәуелсіздік жаршысы»
студенттік пікірсайыс
Жүргізуші: Талапова Гүлзат.
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНАДА ЖАЗҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ – 2022 ГРАНТТЫН ҰТЫП АЛ
05.12.2021Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бакалавриат, магистратура, интернатура студенттеріне және жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге арналған әлем зертханаларында ғылыми тағылымдама байқауын жариялайды.
ЕГЕР СЕН:
¾ ҚР азаматы болсаң;
¾ Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;
¾ Мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;
¾ Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына PhD бағдарламасына оқуға түскің келсе;
¾ Қазақстанда жұмыс істеуге және ғылымды дамытуға ниетің бар болса.
Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП, 2022 ЖЫЛ ЖАЗЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА БАРУҒА МҮМКІНДІГІҢ БАР!
Бұл үшін 8.11 бастап 09.12.2021ж. дейін қор сайтында өтінімді толтыру және оны келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:
¾ Жеке куәлік сканы;
¾ "Өз мамандануы саласында Қазақстандағы ғылымды насихаттау және білім беруді, ғылымды немесе өндірісті дамытудың инновациялық идеялары» тақырыбындағы эссе;
¾ Транскрипт (барлық оқу семестрдері);
¾ Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін) немесе соңғы оқу орнынан диплом – 1 құжаттан артық емес;
¾ Түйіндеме.
Қосымша құжаттар:
¾ Ғылыми сертификаттар – 3 сертификаттан артық емес;
¾ Әлеуметтік белсенділік және волонтерлық сертификаттары-2 сертификаттан артық емес
¾ Жарияланымдар – 2 жарияланымнан артық емес;
¾ Ғылыми жетекшіден/ректордан/проректордан ұсыным хат – 1 құжаттан артық емес.
Бағдарламада әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу зертханаларында жазғы тағылымдамадан өтуге ұзақтығы 90 күнге дейінгі жалпы саны 10 грантты қарастырылған.
Үздік әлеуметтік IT-идея үшін өңірлік стартаптар 200 мың теңгеден алады
18.11.2021Astana Hub IT-стартаптар технопаркі өз облысының немесе қаласының әлеуметтік проблемасының ең үздік технологиялық шешіміне "Idea Battle"конкурсын жариялайды. Қазақстанның барлық стартаптары қатыса алады.
Іріктеудің басты критерийі-белгілі бір аймақ үшін шешімнің практикалық пайдасы. Байқау жеңімпаздары 200 мың теңгеден технопарктің білім беру бағдарламаларына қол жеткізе алады.
Байқау онлайн форматта өткізіледі. Қатысу үшін Instagram - да қаланың атауы, мәселенің сипаттамасы және оның шешімі бар #hub_ideabattle хэштегін көрсететін фото немесе видео пост орналастыру керек. Өтінімдерді қабылдау 12 қарашада басталып, 22 қарашаға дейін, ал 24 қарашада astana парақшасында тікелей эфирде өтеді.Hub Instagram-да байқаудың үш жеңімпазы жарияланады.
Болон процесі студенттік бюросы. Механика-математика факультеті 2021/2022 оқу жылы. "Retrospect" жобасы
15.11.2021Механика-математика факультетінің Болон Үдерісі бойынша Студенттік Бюросының 2021-2022 оқу жылындағы "Retrospect" немесе "Болашаққа оралу" атты алғашқы жобасы болып өтті. Аталмыш жобаның негізгі мақсаты ретінде өткен жылдардың жалпы көрінісін жасау таңдалып алынды, дәлірек айтқанда болашақ пен өткенге қол жеткізе алмайтынымыз анық, алайда тоқтаусыз ағылған дәл осы сәттің барын ұмытпауымыз қажеттігін айқындау. Сонымен қатар әрқайсымыздың бүгіннен бастап дұрыс шешім қабылдау үшін өткеннен сабақ алуды және болашақты болжауды үйренуімізді тұжырымдау. Жоба мюзикл түрінде өткенін назарға алу қажет. Бұл тұста командалар өзара бөлініп, барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, әртүрлі онжылдықтардың ерекшеліктерін көрсете білді. Көрермендер ретінде басқа факультеттердің БҮ(б)СБ ұйымының мүшелері, басшылары мен орынбасарлары, механика-математика факультетіндегі басқа ұйымдардың төрағалары мен олардың командалары шақырылды. Сондай-ақ, арнайы қонақтар ретінде химия және химиялық технология және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері қатысты. Жоба есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының бірігуімен өтті.
«Тәуелсіздігімізге 30 жыл!»
12.09.20214 курс. Актуарлық математика.
Кураторлық сағат
«Тәуелсіздігімізге 30 жыл!»
Жүргізуші: Есболған Зарина, Нұрмұханова Ару.
24.04.2021 10-00 Кафедрада ғылыми семинар өткізіледі.
21.04.20212 курс магистранттары диссертация тақырыптары бойынша баяндама жасайды.






