Журналист болғың келе ме?

4/12/2021

Views: 1960

Журналист болғың келе ме? Бұл сұрақ журналистика саласына қызығушылық танытатын жандарға арналады. Бұл саланың қыр сырын құпиясын ақтарып, игеріп кету бір үлкен танымдық іс. Бірақ бұл саланы игеріп кету үшін біраз еңбек талап етіледі. Алдымен журналистика дегеніміз не?

Журналистика- әлемі құдды бір алып теңіз секілді. Шарпысып шатасып жатқан, арпалыс пен айқасқа толы , бір сезімтал әлем. Журналистика күн сайын жаңа бір төл туындалармен , өзінің түпсіз тұңғиық сырлы құпиясына қарай еріксіз еліте береді. Ал, сол сырға толы құпияның шетіне жете алмайтын шыңырауына құлап кетпеуі үшін, дара қабілет, пайым парасат және қырағы байқампаздық керек. Ізденімпаз адамға жақсы нәтиже - сарқылмас мол білім мен тынымсыз жұмыс пен өз еңбегіне деген зор сүйіспеншілік жеткізеді. Осындай ынталы қасиеттер мен табандылықты қажет ететін журналистика саласы парасат әлемінде маңызды рөл атқарады.

Журналист қауымының бармайтын жері , баспайтын тауы жоқ. Олардың араларында оқып тоқығандар да , тоқымағандарда жетерлік. Бірақ бұл сала тек оқығандарды ғана емес ұстамдылық пен сабырлықты талап етеді. Бұл салада тәрбиелік те аса қажетті қасиеттердің бірі. Әсіресе, адамзаттың өзін өзі тәрбиелеуі, сонымен қатар басқа қырынан жетілуі бұл саладағы міндеттердің бірі. Өзіңді тәрбиелеп жетілдіруді тек жұмыс барысында ғана сезініп емес, сонымен бірге табиғат, жануар мен өсімдіктерге деген сүйіспеншілікпен толықтыруға болады.

 

Журналист тек қоғамдағы қоғамдық пікірді қалыптасытруды ғана емес, сонымен бірге қоғамдық сананы қалыптастырушы. Журналист жортса табады, бірақ олардың тек хабар таратумен шектелмейтіндігін ескеруіміз қажет. Журналист ең алдымен , бізге өмір көрінісін береді. Өмірді сипаттап қана қоймай, болып жатқан жағдайларға адамның өзіне идеалды ой алуына бағыт- бағдар береді.

Журналистің қарапайым халыққа қызмет етуі -сол халықтың қажеттерін өтеу үшін, оларды жаңа жақсылықтарға жетелейтін жолды таңдау деген сөз. Дүниеде бақытты адамның болғанынан , бүкіл бір мемлекет халқының бақытты болғаны- ол үлкен ғанибет. Міне сол үшін де журналистер қандай жағдай болмасын халқының жағдайына алаң болып, оларды әр кез жақсы жаңалықтармен қуантуға асығып жүреді.

Келесі журналистердің бір міндетті қыры деп айтсақта болады, ол- журналистердің демократиялығы. Яғни, журналист бар ынтасымен шынайы халықтық демократия үшін еңбек етіп күреседі. Халықтың халықтық демократиясын кеңейту үшін көп күш жұмсайды. Журналистің демократиялығы оның халықпен, қалың көпшілікпен байланысында. Осы арқылы журналистің жұмысы халық арасындағы демократиялық жағдайлардың ашық , екпінді жүруіне мүмкіндік береді.

           

Журналистердің кәсіби шеберлігі туралы ой қозғар болсақ , бұл саланың басқаға ұқсамайтын , өзгелерден өгеше айырмашылығы бар. Журналист өз шығармашылығы арқылы қоғамға, қоғамдағы адамға қызмет етеді. Журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де , ол қоғамдық ақпарат саласындағы қызметкер болып есептеледі. Журналист әрқашан жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты , жақсы жандарды қолдаушы болып келеді.

Журналистің қасиеті олардың дүниеге деген көзқарасына , позициясына және саяси әлеуметтік қызметіне байланысты. Бұл дегеніміз жан жақты алған білімділік пен саяси азаматтық тұрғыдан жетілу, артық кемшіліктерге төзбеу,  өз өмірлерін, мақсаттарын халық үшін арнау дегенді білдіреді. Әр журналист өз елінің патриоты, халқының қалаулысы болумен қатар, мемлекеттегі және әлемдегі оқиғалар мен жағдайларға сергектікпен қарап, оны жедел жариялап отыруы қажет. Сонымен қатар журналист өз ісіне адал әрі мұқият берілген болуы шарт. Олардың өз қызметін жақсы атқаруы үшін психологияық, интелектуалдық және творчестволық қабілеттерін толықтай қолданып, сонымен қатар , әділ, батыл және де табандылықты қасиетімен танылуы керек. Ал, бұлардан бөлек бірінші орында ақыл ой, эрудиция тұру керек. Журналист әсіресе, мәселені терең біліп, түсінушілігі жоғары болуы керек. Журналистерге жұмыс барысында көптеген жағдаяттар кездесуі мүмкін. Соның барлығына жан жақты хабардарлықпен қарап, істің анық- қанықтығын анықтап , себеп салдарына назар аудары керек. Оқиғаға , фактіге салғырт қарамай, оның түпкі мәніне баса назар аударып, ақ қарасын ашу керек. Содан кейін нақтылап мақала жазып, өзінің білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дұрыс.

 

Журналист болу үшін рухани құндылықтар мен өмірлік дайындықтар болуы керек. Өмірде осындай рухани құндылықтарға бай мамандықты таңдағаннан кейін , сол мамандықта аянбай еңбек ету шарт. Бұл маман иесі бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өз борышын қайсарлықпен өтеп, бар күш - қайратын салып еңбек ететін маман. Осы ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен , күрескерлігімен, тез арада шешім қабылдай алатын тапқырлығымен ерекше көзге түседі. Бұған қоса олардың пейілдерінің кеңдігі , жақсылыққа құштар жомарт жандары, мейірімділігі болуы үлкен ғанибет. Журналистер менмендіктен аулақ болуы керек.

Журналист өз жұмысында тек қана ащы шындықты жазып, барлық жағдайдалды обьективті түрде қарастырауы қажет. Журналистің басты қағидаттарының бірі - еш уақытта қателеспеу. Себебі , журналист қателескен кезде ол барлық халықты , мыңдаған адамдарды шалыс басытыруы мүмкін. Журналистің тек жұмыс жасағаны емес , қарапайым сұхбат алуы мен сұрақ қойып, сөйлеуінің өзі де бір үлкен мәдениеттілікті қажет етеді. Осындай барлық жақсы қасиеттер бойынан табылатын еліміздің беделді журналистерін атап айтып өту борышымыз деп білемін.

 

Еліміздегі мен білетін кемеңгер журналистердің бірі - Бейсен Құранбек ағамыз. Ағамыздың әр хабары өзіндік мәні бар, тәрбие алатындай , бойға үлкен күш беретіндей болушы еді. Бейсен аға жесірге қорған, жетімге пана болған ардақты тұлға. Жастарға өнеге болатындай көптеген асыл сөздері әлі есімізде сақталып тұр. Нағыз қазақ, нағыз журналист осындай- ақ болсын деуші едім. Себебі ,Бейсен ағаның бойында даралық та, даналық та бар. Елінің қайталанбас біртуар ұлы перзенті халық жадында мәңгіге сақталады. Оның танымдық тәрбиесі, асыл ақыл сөздері, берген бағыт - бағдары біз үшін жауһардай асыл мұра.

“Журналист болғың келе ме ?”- деген сұрақтың жауабы, міне енді табылғандай болып көрінеді. Журналист болу деген сөз жоғарыда айтылғандай қадыр қасиеттің болуы, төзімділіктің қажеттілігі, ынта мен табандылық және іздемпаздық. Журналистика саласында жүріп халықтың қалаулысы, елінің елеулісі болып жүру бір ғанибет болушы еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Серимбетова Жанель Жолдасқызы

Алматы қаласы, Қарасай ауданы , Тұрар ауылы , Ә.Байсалбаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы

Сынып жетекшісі: Кабдрахманова Гульмира

Эл.Почта mailto:09aport9@gmail.com

Журналист болғың келе ме ?