QR AQDM МИОР РК Al-Farabi Kazakh National University #ЭКОЛОГИЧЕСКАЯЖУРНАЛИСТИКА #ВРАМКАХЦЕЛЕЙУСТОЙЧИВОГОРАЗВИТИЯ

3/28/2021

Views: 1833

Экология саласында маманданған журналистерге арналған дәрістерін тыңдаған елуден астам БАҚ маманы экологиялық білімін арттырды.Аталмыш курс 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында өтті.

ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникация департаментінің өкілі - Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек:
«Экологиялық ойлау қалыптастыруда университеттердің салалық кафедраларының орны айрықша. Деректер шынайы болуы және ресми деректерге негізделуі экология мен қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады», - деп атап өтті.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы Коммуникация және ақпарат мәселелері жөніндегі маманы Сергей Карпов Тұрақты даму мақсаттары аясында экологиялық журналистика бойынша білім беру бағдарламалары мен электронды ресурстармен таныстырды.
Университеттің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы мен Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ғалымдары, Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы спикерлердің теориялық мәселеден практикалық дағдыларға дейінгі кешенді қамтыды. Журналистер экопроблемаларды медиада жариялаудың векторларынан бастап, экология саласындағы деректердің шынайылығы, экологиялық тақырыптарға мультимедиалық сторителлинг құрудың әдістерін үйренді.
Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексі түсіндіруден бастап, мамандар БАҚ-та жиі аталатын биосфераның ластануы, экотоксиканттар, төтенше жағдайлардан қорғану, экологиялық тәуекелдер, экологиялық ізді есептеу сияқты кәсіби проблемаларды кеңінен талқылады. Лабораториялық жағдайда журналистер судың органолептикалық көрсеткіштерін талдап, сынамасын алды. Журналистер кампусқа экотур барысында жасыл технологиялар зонасымен, биомузей қорымен танысты.
ҚазҰУ Ғылыми кітапхана қоры «Экология. Тұрақты даму мақсаттары. Журналистика» тақырыбынды кітап және БАҚ материалдар мен Асылхан Абдраимның «Қазақстанның көркем табиғаты» фотокөрмесі де шараның әдістемелік, визуалдық модулын нығайтқаны рас.
Биылғы жылы универсиеттің салалас кафедралары арасында ғылыми-педагогикалық бағытта «Экологиялық журналистика» жаңа білім беру бағдарламасы ашылады. Сондай-ақ қатысушылардың бастамасымен экологиялық тақырыпта жазатын журналистердің ұлттық желісін құру ұсынылды.
Экология саласында мәселе қордаланған. Эколог ғалымдар мен журналистердің, еріктілердің жаңа білім мен ақпараттық дағды жинаудағы ынтымағын арттыруды күн тәртібіне шығарды.