Жаңалықтар

Шетелдік студентер арасында "Денсаулық" атты шахматтан турнир өтті

05.12.2013

2013 жылдың 30 қараша күні ЖОО дейінгі дайындық факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының "Денсаулық" спорт-сауықтыру клубының жетекшілері доцент Г.Ә. Машинбаева мен аға оқытушы С.Р. Нұртілеуованың ұйымдастыруымен №14 жатақханада шетелдік студенттер арасында шахмат турнирі болып өтті. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті күні құрметіне ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 20 студент қатысты. Студенттер жатақханасында ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты студенттердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрі студенттердің бір-бірімен достық, таныстық қарым-қатынастарын нығайту.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ докторанты Сағи Оразбаев жеңімпаз атанды

05.12.2013

3-4 желтоқсанда Алматы қаласында I Инвестициялық Форум негізінде өткен IV Инновациялық Конвентте жас ғалымдардың ең үздік инновациялық жобалары алты номинация бойынша тартысқа түсті: «Ең үздік әлеуметтік жоба», «Ең үздік мультимедиялық жоба», «Инновациялық Start Up», «Қоғам қызметіндегі инновация», «Қаланың инновациялық дамуы», «Альтернативті қуат көздері саласындағы инновациялар».

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» жобасы аясында ҚР жазушысы Ә.Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай шаралар өткізіледі

05.12.2013

ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығы қарсаңында «100 кітап» жобасы аясында ҚР халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай келесі шараларды өткізеді:

Ары қарай оқу >>

Астанада өткен «Жасыл экономика арқылы тұрақты дамуға көшу» конференциясына ҚазҰУ ғалымдары қатысты

04.12.2013

Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасы 2013 ж. желтоқсан айының 3-жұлдызында, Астана қаласында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен ұйымдастырылған «Жасыл экономика арқылы тұрақты дамуға көшу» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың географ студенттері панфиловшылардың ерлігі туралы жарық көрген кітаппен танысты

04.12.2013

Ұлы Отан соғысына 70- жыл толуына байланысты профессор, тарих ғылымының докторы Ахметова Ляйля Сейсенбекқызымен университеттің география және табиғатты пайдалану факультетінің «Геодезия және картография» мамандығының 1 курс студенттерімен «Панфиловшылардың Ұлы ерлігі» атты кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың №16 Студенттер үйінде мәдени-тәрбиелік кездесу өткізілді

04.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебіндегі «Сұңқар» студенттер кәсіподағы ұйымдастыруымен №16 Студенттер үйінде «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт мақтанышы» атты мәдени-тәрбиелік кездесу өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстандық білім қоғамы дамуы жолындағы материалдық емес құндылықтарды зерттеу, сақтау және жарияланымдау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

04.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы және Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен 2013 жылы 11 желтоқсанда «Қазақстандық білім қоғамы дамуы жолындағы материалдық емес құндылықтарды зерттеу, сақтау және жарияланымдау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

"Біз" студенттер театры "Әпке" қойылымын сахналайды

04.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті Студенттер клубының «БІЗ» студенттер театры 2013 жылдың 6 желтоқсанында сағат 18.00-де Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, драматург Дулат Исабековтың «Әпке» қойылымын сахналайды. Қоюшы режиссері – «БІЗ» студенттер театрының режиссері Нұрхан Кәдірбаев, композиторы Лұқпан Жолдасов.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ҚР Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбековпен кездесу өткізіледі

03.12.2013

2013 жылы 4 желтоқсан сағат 15:00 заң факультетінің 410 аудиториясында ҚазҰУ азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы, «Студент-кәсіпкерлердің бизнес ұйымы» РҚҰ, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер Ассоциациясы қолдауымен ҚР Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбековпен «Көшбасшылық дәрістер» аясында «Студент жастардың кәсіпкерлік ынтасын және дағдыларын жетілдіру мәселелері мен дамуының алғышарттары» атты тақырыпта пікірталас өткізеді.

Ары қарай оқу >>