ҚазҰУ-дың географ студенттері панфиловшылардың ерлігі туралы жарық көрген кітаппен танысты

04.12.2013

Көрулер: 2295

Ұлы Отан соғысына 70- жыл толуына байланысты профессор, тарих ғылымының докторы Ахметова Ляйля Сейсенбекқызымен университеттің география және табиғатты пайдалану факультетінің «Геодезия және картография» мамандығының 1 курс студенттерімен «Панфиловшылардың Ұлы ерлігі» атты кездесу өтті.


Кездесу кешінде профессорлар В.К. Григорьев және Л.С. Ахметованың «Панфиловшылар: батылды 60 күндік аңызы» атты кітабының презентациясы болып өтті, бұл кітапта қатігез соғыста солдаттардың батылдығ мен жігерлігі көрсетілген, Ұлы Отан соғысының бірінші кезеңіндегі 316 атқыштар гвардиялық дивизиясының күнделікті күн көріністері айтылған. Бұл көріністер мен сол соғыс кезіндегі қатыгез көріністер соғысқа қатысқан жауынгерлердің айтқан әңгімелері негізінде жазылған, презентацияда мемлекеттік архивтен алынған бұрын басылымға шығарылған сол кездегі фото суреттер көрсетілді.

Бұл кездесуге студенттер өз қызығушылықтарын білдіріп, Ұлы Отан соғысына қатысқан, одан оралмаған өз туған-туыстары мен аталары туралы мәліметтер мен ақпараттар жинау туралы ойларын айтты. Ал кездесуге келген пофессор Ляйля Сейсембековна студенттерге өз көмегін көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Картография және геоинформатика кафедрасы