Шетелдік студентер арасында "Денсаулық" атты шахматтан турнир өтті

05.12.2013

Көрулер: 2218

2013 жылдың 30 қараша күні ЖОО дейінгі дайындық факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының "Денсаулық" спорт-сауықтыру клубының жетекшілері доцент Г.Ә. Машинбаева мен аға оқытушы С.Р. Нұртілеуованың ұйымдастыруымен №14 жатақханада шетелдік студенттер арасында шахмат турнирі болып өтті. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті күні құрметіне ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 20 студент қатысты. Студенттер жатақханасында ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты студенттердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрі студенттердің бір-бірімен достық, таныстық қарым-қатынастарын нығайту.


Студенттер аталған шараға аса белсенділікпен қатысты. Жарыс соңынан жүлдегерлер анықталды. Студенттер үшін жатақаханада кешкі уақытта ұйымдастырылған бұл шара өз мақсатына толық жетті деп айтуға болады. Студенттер шараны ұйымдастырған оқытушыларға алғыстарын айтып, болашақта да түрлі ойындар бойынша осындай жарыстар жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін білдірді.

Жарыс нәтижесі бойынша атанған төмендегі студенттер жүлделі орындарды иеленді :

І орын Патман Абдул Фатах

ІІ орын Рапық Арай, Сиддики Мохаммад Шафик

ІІІ орын Сайд Зубаир Мусави, Раиси Шукаиб, Амар Хаил