"Біз" студенттер театры "Әпке" қойылымын сахналайды

04.12.2013

Көрулер: 2350

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті Студенттер клубының «БІЗ» студенттер театры 2013 жылдың 6 желтоқсанында сағат 18.00-де Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, драматург Дулат Исабековтың «Әпке» қойылымын сахналайды. Қоюшы режиссері – «БІЗ» студенттер театрының режиссері Нұрхан Кәдірбаев, композиторы Лұқпан Жолдасов.