Жаңалықтар

Тәуелсіздік мерекесіне орай «Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы» атты мерекелік іс-шара өткізілді

09.12.2013

Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының 2 курс мәдениеттану мамандығының магистранттары мен «Мәдениет KZ» клубының ұйымдастырумен 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай «Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған дзюдодан кездесу өтті

09.12.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80- жылдығына арналған дзюдодан кездесу өтті. Матчтық кездесудің мақсаты дзюдо күресін жастарға дәріптеу, спорттық колледждерде оқитын жастарды кәсіптік бейімдеу мақсатында ұйымдастырылды ДЮСШ, жарысқа 6 құрама ұжымнан 48 спортшылар қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «16 желтоқсан 1991 жылғы ҚР Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның Қазақстанның саяси-құқықтық дамуындағы орны мен рөлі» тақырыбында Қазақстанның ЖОО профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен дөңгел үстел өтеді

09.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы 2013 жылдың 13 желтоқсанында сағат 11.00-де 410 аудиториясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «16 желтоқсан 1991 жылғы ҚР Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның Қазақстанның саяси-құқықтық дамуындағы орны мен рөлі» тақырыбында Қазақстанның Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен дөңгел үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Құрметті ұстаздар, бакалавр, магистратура және PhD докторантура студенттері!

09.12.2013

Сіздерді 2013 жылдың 9 – 21 желтоқсан аралығында өтетін «17-18 ғғ. философия тарихы» атты Огайо Университетінің (АҚШ) PhD докторы, профессоры Джеймс Петриктің лекцияларына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

06.12.2013

Өнер және мәдениет қайраткері, профессор Пернебек Момынұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «әл-Фараби мұрасы – сарқылмайтын қазына» атты қатысуымен өтетін кездесуімізге шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ-ым –темірқазығым» атты жыр мүшайрасының жеңімпаздары анықталды

06.12.2013

5 желтоқсанда ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «ҚазҰУ-ым –темірқазығым» атты жыр мүшайрасы өтті. Байқауға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студент, магистрант ақындары қатысып, бақ сынасты.

Ары қарай оқу >>

«Кітап әлеміне саяхат» атты танымдық кешке келіңіздер

06.12.2013

Ертең ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған Философия және саясаттану факультетінің 1 курс студенттері үшін өтетін «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Кітап әлеміне саяхат» атты танымдық кешке шақырамыз. Келемін деушілерге есігіміз ашық!

Ары қарай оқу >>

«Мағжан және рухани экология» атты студенттер арасындағы ғылыми конференция өтеді

06.12.2013

2013 жылдың 7 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ филологиясы кафедрасында құрылған «Лингвистикалық болжау орталығы» атты тіл үйірмесі М.Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай арнайы ұйымдастырылған «Мағжан және рухани экология» атты Алматы қаласындағы ЖОО-ның студенттер арасындағы ғылыми конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да профессор Шәрбан Нұрғожинаның 60 жылдық мерейтойына арналған ғылыми семинар өткізіледі

06.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде 2013 жылы 13 желтоқсан күні филология ғылымдарының докторы, профессор Шәрбан Ысқаққызы Нұрғожинаның 60 жылдық мерейтойына арналған «Бизнес, экономика, журналистика және коммуникация өнерін игеру технологиялары» атты жас ғалымдарға арналған ғылыми семинар өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Республикалық «Дружные ребята» газетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

06.12.2013

5 желтоқсанда баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен қалалық №2 Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытатын орта мектеп интернаты, №166 қазақ-түрік лицейі, №176, №123, №141, №32, №116, №166, №91, №140, №105, №109, №130, №86, №112, №119, №62, №140, №86, №12 мектеп-гимназяиларынан 160-қа жуық жоғары сынып оқушылары қатысуымен «Журфак – дарындыларды даралайтын мекен» атауымен ашық есік күні өтті.

Ары қарай оқу >>