«Қазақстандық білім қоғамы дамуы жолындағы материалдық емес құндылықтарды зерттеу, сақтау және жарияланымдау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

04.12.2013

Көрулер: 2411

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы және Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен 2013 жылы 11 желтоқсанда «Қазақстандық білім қоғамы дамуы жолындағы материалдық емес құндылықтарды зерттеу, сақтау және жарияланымдау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция аясында «Білім – Ғылым – Инновациялар» үштігі: постиндустриалдық әлемнен білім қоғамына қарай бетбұрыс, «Қазақстан 2015 жылдан кейін» даму бағдарламасы жүзеге асуындағы ақпараттық стратегияларды жобалау және коммуникативтік үндеулер, Халықаралық мәдениеттер тоғысы онжылдығы мақсатын орындауда академиялық ықпал ету және ғылыми инновациялық ынталандыру, Ұлы Жібек Жолынан – Қазақ ренессансына: визуальдық, ақпараттық-сандық қорларды сақтау, көбейту және жариялау, қазақ елінің материалдық емес құндылықтарын зерттеу, сақтау және жарияланымдау мәселелері, бүгіні және таяу болашағы т.б. секция тақырыптары жұмыс істейді.

ҚР БҒМ «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы қаржыландырылуымен, ҚР БҰҰ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастық келісім аясында 2013 жылы 20 маусым 3 шілде аралығында «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы еліміздің Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлерінде зерттеулер жүргізді.

Конференция жұмысында ғылыми экспедиция нәтижелері бойынша жарық көрген «Рухани қазына» атты ұжымдық монографияның, «Қазақстан халқының материалдық емес құндылықтары» атласының (1 бөлімі), ЮНЕСКО-ның «Бейнефильмдерді өндіру негіздері» сериясы бойынша «Камера. Дыбыс. Монтаж» және «Шынайылық деректері» видео оқу құралдарының қазақ тіліне дыбысталған фильмдерінің таныстырылымы өтеді.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

Қазақстан Республикасы,

050040, Алматы қ, әл-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

Телефон: (8-7273) 77-33-33, 77-33-38 қосымша 1351

Моб: 87011527488, 87027444702

E-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, Galia.Maikotowa@kaznu.kz