ҚазҰУ докторанты Сағи Оразбаев жеңімпаз атанды

05.12.2013

Көрулер: 3047

3-4 желтоқсанда Алматы қаласында I Инвестициялық Форум негізінде өткен IV Инновациялық Конвентте жас ғалымдардың ең үздік инновациялық жобалары алты номинация бойынша тартысқа түсті: «Ең үздік әлеуметтік жоба», «Ең үздік мультимедиялық жоба», «Инновациялық Start Up», «Қоғам қызметіндегі инновация», «Қаланың инновациялық дамуы», «Альтернативті қуат көздері саласындағы инновациялар».

IV Инновациялық Конвентке Алматы қаласының ЖОО студенттері өз жұмыстарын ұсынды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң намысын 10 инновациялық жоба қорғады. Солардың ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторанты, ғылыми-технологиялық парктің студенттік бизнес инкубаторынан Оразбаев Сағи «Жарқырау интенсивтілігі жоғары қуатты үнемдегіш газоразрядты шамды құрастыру» жобасымен жеңімпаз атанды.