Астанада өткен «Жасыл экономика арқылы тұрақты дамуға көшу» конференциясына ҚазҰУ ғалымдары қатысты

04.12.2013

Көрулер: 2639

Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасы 2013 ж. желтоқсан айының 3-жұлдызында, Астана қаласында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен ұйымдастырылған «Жасыл экономика арқылы тұрақты дамуға көшу» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.


Энергоэкология кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Т.А. жасыл экономиканы дамыту бойынша, негізінен Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: XXI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын қолдай отырып, жүзеге асыруында мамандарды дайындаудағы кафедраның негізгі шараларын көрсетті.

Энергоэкология кафедрасы