Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Ерлан Қаринмен кездесу өтті

08.04.2015

Бүгін әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасында ІІ Халықаралық Фараби форумы шеңберінде «Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында «Политолог» студенттік дискуссиялық клуб мәжілісі өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ІІ Халықаралық Фараби оқулары өз жұмысын бастады

07.04.2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «әл-Фараби және қазіргі заман» атты ІI Халықаралық Фараби форумы өз жұмысын бастады. Форум Әбу Насыр әлФарабидің 1145 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына, Ұлы Отан соғысы жеңісіне 70 жылдығына арналып отыр.

Ары қарай оқу >>

«Сұңқар кубогы» өз жеңімпазын анықтады

06.04.2015

ҚазҰУ-да «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен КВН ойындары чемпионатының финалы өтті. Жоғары деңгейде өткен сайыс, кіл мықтыларды анықтады. Шараның мақсаты тек әзілді алға тарту ғана емес, сонымен қатар жастардың өміріндегі басты шындықтарды, студенттік өмірдің шындығын әзілмен әдемі жеткізу еді. Финалдық ойынның тақырыбы «Smart-ізгілік қалашығы» болды.

Ары қарай оқу >>

«Наурыз – думан, наурыз - той» атты мерекесі өтті

03.04.2015

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Химия және химиялық технология факультетінің «Физикалық химия, катализ және мұнайхимия» кафедрасы мен факультеттің «Өзін-өзі басқару» студенттік ұйымдарымен біріккен «Наурыз – думан, наурыз - той» атты үш күнге жоспарланған іс-шара өтті.

Ары қарай оқу >>

Оқытушылар кәсіптік бағдар сипаттағы онлайн-конференция өткізді

02.04.2015

2015 жылдың 27 наурызында Халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы Орал қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен, 1 сәуірде Қызылорда облысының дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушыларымен кәсіптік бағдар сипаттағы онлайн-конференция өткізді.

Ары қарай оқу >>

G-Global «Ай тұлғасы» - ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

01.04.2015

«G-Global: тұрақты даму мәселелері мен келешегі» – осындай атаумен G-Global «Ай тұлғасы», Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубының бірінші вице-президенті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясы аясында G-Global жобасын іске асыруға бағытталған шаралар бастау алады, сонымен қатар, ҚазҰУ жанынан ашылған ЮНЕСКО UNITWIN тұрақты даму бағдарламасы бойынша Орта Азиялық хабының тұсаукесері өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ кітапханасының ғалымдар клубында философиядан олимпиада өтті

01.04.2015

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының ғалымдар клубында шығармашылық және достық қарым-қатынасында философиядан республикалық олимпиада өтті. Барлық командалар өте қызықты, креативті, жаңашыл және өзекті бағдарламалар дайындады.

Ары қарай оқу >>

«Студенттік көктем 2015» байқауы актерлік шеберлік бағыты бойынша өз маусымын аяқтады

31.03.2015

«Студенттік көктем 2015» байқауы актерлік шеберлік бағыты бойынша өз маусымын аяқтады. Биылғы шараның жылдағыдан ерекшелігі - қатысушы актерларымыздың бар қарым-қабілетін «Қазақ хандығының 550» жылдығына арнауы.

Ары қарай оқу >>