ҚазҰУ кітапханасының ғалымдар клубында философиядан олимпиада өтті

01.04.2015

Көрулер: 2373

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының ғалымдар клубында шығармашылық және достық қарым-қатынасында философиядан республикалық олимпиада өтті. Барлық командалар өте қызықты, креативті, жаңашыл және өзекті бағдарламалар дайындады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің «Философия» мамандығының 3 курс командасы «Ақыл-ойдың аристократтары» мықты өнер көрсетіп, әдл-қазылардың шешімімен олимпиада жеңімпазы атанды.

«Философия» мамандығының 1 және 2 курс студенттерінің «Эврика» және «Философия тарландары», ҚР ҰҚК шекара қызметі Академиясының «Оперативные мыслители», С.Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік медицина университетінің «Демикандиум» командасы, ҚазҰУ география факультеті студенттерінің «Философия қырандары» командалары жүлделі орындарға ие болды. Е.Букетов атындағы ҚарМУ командасына диплом тапсырылды.

Олимпиадаға қатысушы барлық командаларға сертификаттар, кітаптар және ескерткіш сыйлықтар тапсырылып, ҚазҰУ кампусы мен музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Отандық философия патриархы, философия ғылымдарының докторы, профессор М.Ш.Хасанов олимпиадаға қатысушыларға арнап «Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі» тақырыбына көшбасшылық дәріс оқыды.

Сонымен қатар, олимпиаданы ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар философия кафедрасының доценті О.Борецкийдің «Smart-Cinema» киноклубының мәжілісіне қатысты.