«Экология» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті

30.03.2015

Көрулер: 2137

2015 жылы 27-28 наурызында география және табиғатты пайдалану факультетінде «Экология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Е.Букетов атындағы ҚарМУ, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Инновациялык Еуразия Университеті, Х. Досмұхамедов атындағы АМУ, Еуразия технологиялық университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Т.Рысқұлов атындағы ЖЭУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ, Жұбанов атындағы АӨМУ, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ командалары қатысты.

Жалпы олимпиадаға 22 команда және 90-ға жуық қатысушылар қатысты.

ҚазҰУ-дың І дәрежелі дипломымен ҚазҰУ-дың «ЭкоБЭМС» командасы марапатталды.

ҚазҰУ-дың ІІ дәрежелі дипломымен ҚазҰУ-дың «ЭКОXXI» командасы, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың «Alter Eco» командасы марапатталды.

ҚазҰУ-дың ІІІ дәрежелі дипломымен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дың «Синегорье» командасы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Гринписовцы», Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ-дың «Ecohazard» командалары марапатталды.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына республикалық пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат берілді.

Республикалық олимпиада барысында барлық командалар «Жасыл экономикаға көшудің экологиялық аспектілері» атты тақырыпта жоба қорғады. Сонымен қатар экологиялық ғаламдық өзекті мәселелерді шешу бойынша ой-пікірлерін білдірді.