Жаңалықтар

ҚазҰУ-да шетелдік профессорлармен кездесу өтті

14.04.2015

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне басқа ұйымдардан қаржыландыру көзі бойынша жобаларды тарту бағдарламасының аясында Макс Планк әлеуметтік антропология институты (Германия) және Цюрих университетінің профессорларының қатысуымен DACH жобасының презентациясы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

VI Республикалық «Болашақ баспагер, редактор, дизайнер» байқауының жеңімпаздары анықталды

13.04.2015

VI Республикалық «Болашақ баспагер, редактор, дизайнер» байқауын «баспагер боламын» деп талпынғандарға арналған алғашқы баспалдақ десе де болғандай. «Баспа ісі және дизайн» мамандығына қызығушылық танытқан мектеп оқушыларының саны жылдан жылға өсіп келеді. Оны республикамыздың түкпір-түкпірінен байқауға ниет білдірген 138 баланың өтінішінен байқауға болады.

Ары қарай оқу >>

Айдана Сыдықова «Жас Отан» Жастар қанатының орталық кеңесінің жаңа құрамына мүше болды

13.04.2015

Жалынды ел жастарының басы қосылған «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ІІІ Кезектен тыс Съезі «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың басты бағыттары мен «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын қабылдады. Бас қаладағы жиынға қатысқан жастардың барлығы ұлтының ертеңі үшін бей-қам жүрмейтін жастар екендігін көрсетті. Және дәл осы күні «Жас Отан» жастар Қанатының орталық кеңесінің жаңа құрамы анықталды.

Ары қарай оқу >>

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет пен өркениеттер сұхбаты» тақырыбында видеоконференция өтті

13.04.2015

2015 жылдың 8 сәуірінде «Ай тұлғасы» жобасы аясында «G-Global» интерактивті алаңында «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет пен өркениеттер сұхбаты» тақырыбында видеоконференция өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ оқытушысы көрмеден табыспен оралды

13.04.2015

«Атакент» сауда-көрме орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, Қазақстан баспагерлері, полиграфистері және кітаптаратушылар Ассоциациясы «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясымен бірлесіп «Ұлы Жібек Жолымен» VIII Халықаралық кітап және полиграфия көрме-жәрмеңкесі өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да сенбілік өтті

11.04.2015

Қалалық сенбілікке ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары, қалашық тұрғындары жұмылдырылды. Тазалық шарасына универсиитет ұжымы мен студенттер бір кісідей ат салысты.

Ары қарай оқу >>

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы биолог-магистранттарға стипендия табыс етті

10.04.2015

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы білім беру әлеуметтік жобасы және өзінің әлеуметтік жауапкершіліктерін орындау аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультеті биофизика және биомедицина кафедрасының оқуда өте жақсы көрсеткіштерге жеткен, әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтамасыз етілген студенттеріне арнайы стипендиялар тапсырды.

Ары қарай оқу >>

«Ұлттық инновация және қазақтану» атты дөңгелек үстел өтті

09.04.2015

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы мен «Ақиқат» журналының ұйымдастыруымен «Ұлттық инновация және қазақтану» атты тақырыпта халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Үндістанның саясатын талқылады

09.04.2015

Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен магистранттары Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында «Халықаралық қатынастардың аймақтық мәселелері және әлемдік актор ретіндегі Үндістанның рөлі» тақырыбына өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.

Ары қарай оқу >>