«Наурыз – думан, наурыз - той» атты мерекесі өтті

03.04.2015

Көрулер: 1728

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Химия және химиялық технология факультетінің «Физикалық химия, катализ және мұнайхимия» кафедрасы мен факультеттің «Өзін-өзі басқару» студенттік ұйымдарымен біріккен «Наурыз – думан, наурыз - той» атты үш күнге жоспарланған іс-шара өтті.

1-күні: факультетте студенттерге сұрақтар қойылып, жауап бергендерге наурыз көже мен бауырсақ таратылды.

2-күні: №13 жатақхананың айналасын тазарту жұмыстары жүргізілді.

3-күні: №13 жатақханада ұлттық спорттық ойындар ойнатылып алғыс хаттармен марапатталып, ән менен күйден тамаша мерекелік шара жайылған ұлттық дастарханмен жалғасын тапты.

Мерекелік іс-шараға факультет деканы Е.Қ. Оңғарбаев, кафедра меңгерушісі Е.А. Аубакиров және кафедраның оқытушы профессорлық құрамы қатысып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, осындай іс-шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы