Оқытушылар кәсіптік бағдар сипаттағы онлайн-конференция өткізді

02.04.2015

Көрулер: 2319

2015 жылдың 27 наурызында Халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы Орал қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен, 1 сәуірде Қызылорда облысының дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушыларымен кәсіптік бағдар сипаттағы онлайн-конференция өткізді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану», «Әлемдік экономика» мамандықтарының артықшылықтары туралы баяндады.

10, 11, 12 бітіруші класстардың оқушылары әр түрлі сұрақтар қойып, оқуға түсу шарттарымен танысты, оқытылатын пәндерге, тәжірибеден өту орындарына, факультеттің және университеттің студенттік өміріне қызығушылық танытты.