М.Х. Дулати – есімі әлемге мәшһүр тарихшы

12.10.2018

Бұл шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, Ф.А.Қозыбакова және оқытушы А.А.Жарасов жетекшілігімен және «Математика» мамандығының 1 курс, 7-топ студенттерінің қатысуымен өтті. «М.Х.Дулати – есімі әлемге мәшһүр тарихшы » тақырыбындағы конференрцияда М.Х.Дулатидің өмірі, шығармашылығы, мұрасы таныстырылды.

Ары қарай оқу >>

Жүсіп Баласағұнның өмір жолы

12.10.2018

Онлайн-конференция Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры Ф.А.Қозыбақованың жетекшілігімен, математика мамандығы, 1 курс, 6-ші топ студенттерінің ұйымдастыруыменөткізілді. Бұл шараға механика және математика мамандығының студенттері де қатысты. Онлайн-конференция барысында Жүсіп Баласағұнның өмірі, тарихтағы орны , түркі әдебиетіндегі негізі жайында жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар,ғылыми жоба слайд, реферат, қосымша мәлімет , кесте, карта бойынша қорғалды.

Ары қарай оқу >>

Шамшырақ болып туған жан

12.10.2018

Бұл шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, Ф.А.Қозыбакова және оқытушы А.А.Жарасов жетекшілігімен және «Математика» мамандығының 1 курс 3 топ студенттерінің қатысуымен өтті. «Шамшырақ болып туған жан» тақырыбындағы конференцияда қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, қызмет жолы, Алаш ардақтысының өмірінен үзінді, ақын мұрасы таныстырылды.

Ары қарай оқу >>

Әзімбай Ғалимен кездесу

03.10.2018

Әл-Фараби атындағы КазҰУ тарих, археология және этнология факультетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында белгілі саясаттанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі Әзімбай Ғалимен 1932-1933 жж. ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

Декан кубогі

30.09.2018

Әл-Фараби атындағы Тарих, археология және этнология факультетінің, "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен, футзалдан Декан кубогі өтті. Аталған жарысқа студенттер және магистраннтардан 10 команда қатысып, соның ішінен 2-курс магистранттар (Саян и К.) командасы топ жарды. 2-орында 4 курс студенттері (Old boys) болса, қола жүлдеге 2-курс студенттерінен құралған "Predators" командасы ие болды.

Ары қарай оқу >>

Ғаббас Жұматұлы Жұматовқа – 100 жыл!

20.09.2018

Тарих, археология және этнология факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, атақты Брест қамалын қорғаушылардың бірі, тарихшы - ғалым, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ардагері Ғаббас Жұматұлы Жұматовтың 100 жылдығын атап өту мақсатында, «Ғасыр жасаған тұлға: ғалым, ұстаз, батыр» атты еске алу жиыны өтті. Жиын «Керемет» Студенттерге қызмет көрсету орталығында ресми түрде өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Pages