МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ – ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

22.02.2023

Көрулер: 762

2023 жылдың 22 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультетінде «Ашық есік» күні өтті. Аталмыш шараға №51 мектеп – гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі, №81 мектеп – гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «М.Базарбаев атындағы №138 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "№146 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушылары мен Алматы облыстық Білім басқармасы "Қаскелең мәдениет колледжі", Алматы көпсалалы колледжі студенттері қатысты. Ашық есік күні қонақтарды қарсы алу, буклеттер таратудан басталды. Факультет деканы Байгунаков Досбол Сүлейменұлы бүгінгі шараның негізгі мақсаты – еліміздегі ең үздік университеінде білім алғысы келетін жастардың қатарын арттыру екенін атап өтті. Факультеттің оқытушы-профессорлары Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлы, Төлебаев Тұрғанжан Әбеуұлы, Қалшабаева Бибізия Кенжебекқызы Жүгенбаева Гүлбану Саламдинқызы, Ноянов Еділ Ноянұлы мен Археология кафедрасының меңгерушісі Жұматай Ринат мұндағы оқытылатын әрбір білім беру бағдарламасының қыр-сыры туралы баяндай отырып, келушілермен білім беру бағдарламасының болашағы жайлы пікірлесті. Шара соңында келген қонақтар ұйымдастырылған шаралардан алған әсерлерін жасыра алмай, алғыстарын, ыстық ықыласын арнаумен және күймен жеткізді.
Кездесуден кейін қонақтарды факультеттің белсенді студенттері Тарих факультетінің Археологиялық музейін аралатып, университет кампусымен таныстырды.