«Мұсылмандық Мысыр билеушісі: Қыпшақ текті Бейбарыс сұлтан және оның заманы» атты Бейбарыс сұлтан (әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-Дин Бейбарыс І әл-Бұндуқтари әс-Салих) туғанына 800 жыл

11.04.2023

Көрулер: 939

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультеті және Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті бірігіп, «Мұсылмандық Мысыр билеушісі: Қыпшақ текті Бейбарыс сұлтан және оның заманы» атты Бейбарыс сұлтан (әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-Дин Бейбарыс І әл-Бұндуқтари әс-Салих) туғанына 800 жыл (1223-1277) толуына орай Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция жұмысына мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар, ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистрантар, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияда төмендегідей мәселелер талқылауға ұсынылды:

  • Ø    Сұлтан Бейбарыс  араб әле–мінің түркі текті билеушісі
  • Ø    Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен қызметіне қатысты шығыс және батыс деректері мен зерттеулер
  • Ø    Сұлтан Бейбарыстың сыртқы саясатының басымды бағыттары және халықаралық қатынастардың ерекшелігі 
  • Ø    Бейбарыстың Алтын Ордамен байланысы

Конференция жұмысына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы;  Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы, Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф (онлайн); Сирияның Қазақстандағы құрметті консулы - Самир Дерех; Түркия Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы IRCICA, Ислам тарихы, өнері және мәдениеті ғылыми-зерттеу орталығының, ғылыми-зерттеу және басылымдар бөлімінің басшысы Дженгиз Томар (онлайн); Түркиядағы Ислам ынтымақтастығы ұйымы IRCICA-ның Орталық Азия бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру қызметінің кеңесшісі, Әшірбек Құрбанұлы Муминов (онлайн); Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Ректоры, Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад алЖинди; Мысыр Араб Республикасының Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ғалымдары қатысты.

Конференция аясында Бейбарыс сұлтанның болмысы және Қыпшақ факторы, Сұлтан Бейбарыс заманындағы Ел басқарудың әділетті жүйесі, Сұлтан Бейбарыс кезеңіндегі халықаралық қатынастар (жаңа латын деректері негізінде), Сұлтан Бейбарыстың ислами ғылымдарды дамытудағы рөлі, археологиялық материал негізінде Сұлтан Бейбарыс заманындағы Мысыр мен Жошы Ұлысының байланыстары, Сұлтан Бейбарыс билігі тұсындағы Мысырдағы діни ахуал, Сұлтан Бейбарыс заманындағы хадистану ғылымының мектептері және оның қоғамға әсері, Сұлтан Бейбарыс заманындағы діни үгіт-насихаттың қал-жағдайы, Мәмлүк-қыпшақ сұлтандары кезінде (1250-1517ж) жарық көрген құнды еңбектер, Араб фольклорындағы Сұлтан Бейбарыс бейнесі сияқты тақырыптар шеңберінде баяндамалар жасалып, Бейбарыстың тарихи тұлғасы пәнаралық ұстанымда талданды.

Конференция қазақ, араб, түрік, ағылшын, орыс тілдерінде, офлайн және онлайн форматта өтті. Синхронды аударма қамтамасыз етілді. Секция жұмысы түстен кейін жалғасын тауып, конференция бойынша қорытындылар қабылданды.