А.Левшиннің 225 жылдығына орай тәрбие сағаты

05.05.2023

Көрулер: 795

 

2023 жылы Қазақ халқының мәдениетін, дәстүрлері мен тұрмысын ынта-жігермен зерттеген дарынды тарихшы, жазушы және этнограф Алексей Левшиннің туғанына 225 жыл толады. Осыған орай. Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен А. Левшиннің 225 жылдығына арналған тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына кафедраның ОПҚ құрамы мен студент жастар қатысты. Студенттер оқытушылардан өз жұмыстарының көп бөлігін Қазақстанға және оның тарихына арнаған ғалымның шығармашылық жолы туралы айтуды сұрады.