Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжіндегі аккредитациялау аясындағы сыртқы аудит 18 ақпан мен 29 ақпан аралығында бекітілген бағдарлама бойынша өткізілді. Сараптамалық топ жұмыс барысында колледждегі білім сапасын арттыруға бағытталған институционалдық аккредиттеуді жүргізудің негізгі қағидаларын ұстанды.

Аудит кезінде бағдарламаға сәйкес келесі іс-шаралар орындалды: колледж директорымен кездесу; колледждің оқытушылар құрамымен және түлектерімен сұхбат; оқу сабақтарына қатысу; мамандықтар бойынша циклдардың жұмысымен, сондай-ақ университет жанындағы колледж базасымен, практика базасымен танысты.

Колледжде студенттермен, оқытушылармен, жұмыс берушілермен және түлектермен комиссияның ашық коммуникациясы үшін барлық жағдай жасалды, сондай-ақ сарапшылар тобының жұмысы барысында колледж қызметкерлері кездесуді ұйымдастыруға немесе қосымша материалдар мен құжаттарды алуға жәрдемдесті, бұл да аудит жүргізу кезінде тиімді жұмыстарға ықпал етті.

Осылайша, барлық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасының аккредиттеу стандарттарына сәйкестік критерийлерін талдап, нәтижесінде сәйкестік белгіленді. Аккредиттеу стандарттарына сәйкессіздік анықталған жоқ.

Колледж ұжымын аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз.



 

Басылым күні :  18.04.2020