Генерал-полковник Асыл-Кеней Сағынжан Байболұлымен кездесу өтті

14.03.2019 ж. Әл-Фараби   атындағы ҚазҰУ колледжінде «Саналы ұрпақ» жобасы аясында «Құқықтану» мамандықтарының студенттері үшін генерал-полковник Асыл-Кеней Сағынжан Байболұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында генерал құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этика нормаларымен, Қазақстандағы құқық қорғау органдарында болып жатқан реформалармен таныстырып, өзінің пікірімен бөлісті.

Студенттер жергілікті полиция қызметі, құқық қорғау органдарында мансап, қызмет барысында туындайтын мәселелер бойынша ой бөлісуді сұрады. Іс-шара колледж әкімшілігінің қатысуымен өтті.

Басылым күні :  11.04.2019