ҚазҰУ колледжінде «Студенттік қатарға қосылу кеші» өтті

31 10.2018 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде «Студенттік қатарға қосылу кеші» өтті. Бұл дәстүрлі іс-шара әрбір бірінші курс студентінің жүрегінен ерекше орын алады. Олар қыркүйек және қазан айлары бойы студенттік өмірдің ерекшелігімен таныса бастады. Атаулы мереке университет және колледж тарихымен басталды. Әрмен қарай салтанатты кешті директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары М.Н. Аппакова жүрек жарды құттықтау сөздерімен жалғасты. Кеш барысында жоғарғы курс студенттері 1-курс студенттері үшін жылдан жылға берілетін мамандықтардың нышандарын табыс етіп, өздерінің жылы лебіздерін айтты. Студенттер салтанатты түрде ант қабылдап, халықаралық студенттердің гимні «Gaudeamus»-ті шырқады. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмысы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Ербол Тілеубердіұлы студенттерді айтулы күнмен құттықтап, студенттік билетті табыс етті. Кештің концерттік бөлімі кураторлардың құттықтау сөзімен жалғасты.бірі өз тілегін арнаса, бірі өлең жолдарын паш етті. Биылғы оқу жылының түлектері де өз құттықтауларын жеткізу үшін сахна төрінен табылды. Олар колледжде берілетін білімнің жан-жақты әрі терең екенін айта келіп, оқытушылар қауымына алғыстарын білдірді. Мерекелік кеш әрмен қарай студенттердің әзірлеген ән және билерімен жанданды. Кештің арнайы қонақтары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттерінен құралған ансамбльдің шығармалары залдағы көрермендерді рухани ләззатқа бөледі. Айтулы күн барлық студенттердің жүректерінен орын тауып, ерекше әсерге бөледі.

Басылым күні :  01.11.2018