«Алтын күз-2017»

01.11.2017ж «Гринкампус» жобасының аясында «Алтын күз-2017» мерекесі өткізілді. Колледждің білім  алушыларына арналған «Алтын күз» мерекесі колледждің ханзадасы мен ханшайымын анықтау мақсатында, сондай-ақ  сахналық мәдениетті қалыптастырып, олардың бойында эстетикалық,  экологиялық білімді де дамытуды көздеді. Байқаудың әділқазы құрамы: колледжа директоры - Нурканова Р.О., директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары - Аппакова М.Н., колледжа медбикесі – Мальцева Л.В., колледж кәсіподақ ұйымының төрайымы – Атамбекова Г.К., студенттік мәслихат президенті – Мұратханов Т. болды. «Алтын күз»  байқауында бірнеше кезеңдер өтті: «Таныстыру», «Ақыл-ой жарысы», «Сән үлгісін көрсету», «Өз өнерін паш ету», «Икебана». Байқау жеңімпаздарын анықтай келе, кештің ханзадасы мен ханшайымы атағына «Аударма ісі» мамандығының білім алушылары Фомин Егор мен Рүстемқызы Лаура ие болды.  

 

 

Басылым күні :  02.11.2017