"Word formationin Modern English"

Сабақтың мақсаты сөздің лексикалық мағынасының түрлері мен компоненттері туралы түсініктерді қалыптастыру,студенттердің әртүрлі ақпарат көздері мен жұмыс істей алу іскерліктерін, практикалық зерттеу қабілеттерін дамыту, сыни ойлау қабілеттерін дамыту және өз білімін жетілдіру біліктіліктерін арттыру болып табылады. Сабақ топтық жобалық жұмыс түрінде жүргізілді, студенттер қазіргі ағылшын тілінің сөз жасамындағы басты мәселелері бойынша ауқымды, көлемді, танымдық ізденушілік жұмысын PowerPoint презентация түрінде көрсетті. Студенттердің жұмысы тартымды сапамен, ұсынылған материалдың толықтығымен, эстетикалық көркемдеуі менсауатты құрылымымен, әртүрлі көрнекілікпен ерекшелінді. Презентацияның соңында студенттер барлық топтардың жұмысынталдады, ой-пікірмен алмасты, нәтижелерін бағалау парақтарына енгізді. Жалпы, қорытындылай келе, бұл сабақ білім алушылардың қызығушылығы мен танымдық қажеттіліктеріне сай құрылған, мақсаты мен міндеттерінің орындалу тұрғысынан өте тиімді деп атап өтуге болады.

 
 

Басылым күні :  05.04.2017