Оқытушының кәсіби шеберлігі - білім сапасының кепілі

2016ж. 31 қазан мен 7-ші қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжінде «Құқықтану» мамандығының пәндік-циклдік апталығы өтті.

Апталықтың мақсаты: оқытушылырдың кәсіби шеберлігін арттыру, білім алушылардың шығармашылық белсенділігі мен жан-жақтылығын дамыту.

Апталықтың міндеті:

  • ·        Дайындық арқылы оқытушылардың кәсіби даярлығын жетілдіру;
  • ·        Білім алушылардың оқып жүрген пәндеріне қызығушылықтарын ояту;
  • ·        Білім алушылардың сабақ барысында арнайы пәндерді тереңдете білу;
  • ·        Шығармашылық қабілеттерін ояту.

Апта жоспарында түрлі іс-шаралар қарастырылған. Бұл іс-шараға «Құқықтану» мамандығының барлық білім алушылары қатысты. Апталық білім алушылардың құқықтану пәндеріне деген қызығушылықтарын арттырып, арнайы құқық пәндерінен білімін жетілдіру, дамыту үшін ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Құқықтану» апталығында «Қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологияларды пайдалану» проблемалық тақырыптар бойынша ашық сабақтар мен кураторлық сағаттар өткізілді. Апталықта білім алушылар құқықтық біліктілігін, құқықтың қайнар көздері мен әлеуметтік ақпараттарды қолдану икемділігін крсете білді. Сонымен қатар, топтық және жеке жұмыс істеу қабілеттілігін көрсетті.

31.10.2016ж. апталықты Р.М.Тоғайбаев дәріс сабағымен ашты. Дәріс тақырыбы әкімшілік құқық пәні бойынша болды:«Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік». Ашық сабақ барысында топ белсенді қатысып, әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік, әкімшілік жаза түсінігін меңгерді. Кодекс арқылы практикалық есептерді шығарды.

 

1.11.2016ж. «Мемлекет және құқық тарихы» пәнінен Ш.Ж Саламатов ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ тақырыбы «19 ғасырдың 20-40 жылдарындағы реформалар. Қазақстанның әкімшілік саяси құрылысы». Сабақ барысында білім алушылар тарихи оқиғалар мен құбылыстарға талдау жасауды, арнайы тақырып бойынша жоспар жасауды, болып жатқан оқиғаларға жеке баға беруді үйренді.

 

2.11.2016ж. «Әкімшілік құқық» пәні бойынша Ш.А. Мусалаева «Административный проступок и освобождение от административной ответсвенности» тақырып-талдау сабағын өткізді. Сабақ барысында әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі, негізі, мазмұны ашылды. Әкімшілік жауапкершіліктің негізі процессуалдық фактілік, заңи негізі қарастырылды.

 

02.11.2016ж. «Қылмыстық құқық»бойынша М.М. Сапирова «Жаза жүйесі және жаза түрлері» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер қылмыстық құқықтағы жазаның жүйесі, түрлерінің түсінігін анықтады.

 

03.11.2016 ж.Ш.А. Мусалаева «Есірткі заттарды қолдану» тақырыбы бойынша ПР-103 тобында ашық кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сабақтың мақсаты: білім алушыларға есірткіні қолданудың зияны мен зардабын түсіндіру болып табылады және есірткі заттардың денсаулыққа тигізетін залалын білді.

 

03.11.2016ж. «Кәсіпкерлік құқық» пәні бойынша Сапаров Б.Ж.«Кәсіпкерлік қызмет құқықтарын бұзғаны үшін заң алдындағы жауапкершілік» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушыларға кәсіпкерлік қызметте құқықпен қамтамасыз етудің түсінігі ашылды. Оқытушы ақпараттық-коммуникативті біліктілігін көрсетті.

04.11.2016ж. «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» пәні бойынша М.Е. Утегенова «Қазақстан Республикасы Парламенті. Заң шығару процесі» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытушы дәріспен қатар, парламент туралы видео-таспа көрсетіп, білім алушылар ақпарат алды. Сабақ барысында білім алушылардың шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына аранлған жағдаяттық есептер келтірілді. Сол жағдаяттар бойынша білім алушылардың шешім қабылдай білу біліктілігі байқалды.

 

07.11.2016ж. «Жасөспірімдердің психологиясы» атты кураторлық сағатты Р.М.Тоғайбаев ПК-101 тобында өткізді. Кураторлық сағат проблемалық тақырып бойынша сөйлесу, пікір-талас түрінде өтті. Білім алушылар пікір-таласқа белсенді қатысты.

 

Басылым күні :  09.11.2016