«Алтын күз» мерекесі

«Гринкампус» жобасының аясында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің колледж студенттері арасында 20.10.2016ж. актзалындаіс-шараөткізілді.

Университетімізде жастардың үйлесімді, жан-жақты дамып, қалыптасуы үшін түрлі әлеуметтік, инновациялық іс-шаралар мен жобалардың ұйымдастырылатыны мәлім. Солардың бірі – «Гринкампус» жобасы. Аталған жоба білім алушылардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, экологиялық білімін жетілдіруді көздейді. Қоршаған ортаның қазіргі жағдайы адамзатты алаңдатады. Сондықтан да өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін сезінуге тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр. Сондықтан да, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде, атап айтсақ колледжде аталған жобаны қолдау мақсатында «Алтын күз» байқауы ұйымдастырылды.

Кешке шақырылған қонақтар – Жоғары оқу орынына дейінгі білім беру факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмысы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Ж.С. Нұржанова, бейіндік мектеп директоры Д.И. Алпысбаева, колледж директоры Р.О. Нурканова мен директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары М.Н. Аппаковаәділ-қазы рөлінде болып, төрелік етті. «Алтын күз» байқауының ханзадасы мен ханшайымын анықтау мақсатында бірнеше кезеңдер ұйымдастырылды. Олар: «Таныстыру», «Ақыл-ой жарысы», «Сән үлгісін көрсету», «Өз өнерін паш ету», «Күзгі салат әзірлеу», «Икебана». Қатысушылардың барлығы көкөністер мен жемістерге киініп, таныстыру кезеңінің өзінде өлең жолдарын домбыра аспабымен сүйемелдеп, ерекше қошеметке ие болды. Ал сән үлгілерін көрсету барысында білім алушылар мен кураторлар тарапынан тың идеялар мен шығармашыл көркем образдар сомдалды. Тіпті, қолданылған материалдардың түрлілігінде шек жоқ: жапырақ, көкөніс, жемістерден бастап, полиэтилен, тұсқағаз, газет, бір рет пайдаланатын қасық, стақандарға дейін қолданылған. Топ кураторларының аталған киім үлгілеріне киініп, сахна төріне шығуы кешті одан әрі әрлей түсті. Сонымен ханзада мен ханшайым атағына таласқан білім алушылар өнерден ән, би, көрініс қойса, ал икебанадан әр түрлі көкөніс пен жемістерден түрлі жануарлардан бастап, ханшайымның арбасының мүсіні мен бейнесін қиюлап келтірген. Қатысушы жұптар жасырылған мақал-мәтел мен тұрақты тіркестерді де тапқырлықпен тауып, өздерінің жан-жақты екенін байқатты. Сонымен кеш барысында шығармашылықпен жасалған әр туынды білім алушылардың тапқырлығы мен ізденісін көрсетіп қоймай, қолөнер шеберлігін де паш етіп отыр. Байқау соңында әділ-қазы мүшелері жеңімпаздарды анықтай келе, кештің ханзадасы мен ханшайымын атады. Бұл атаққа «Аударма ісі» мамандығының білім алушылары Ким Виктория мен Исмаилов Нұрлан лайық деп танылды.

«Алтын күз» мерекесі көрермен мен қатысушылар тарапынан оң бағаға ие болып, ерекше әсерге боледі.

 

 
   
 

Басылым күні :  27.10.2016