ҚазҰУ колледжінде Ұстаздар Күніне орайластырылған тимбилдинг!

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледж ұжымы корпоративтік мәдениетті арттыру мақсатында және "дені саудың-тәні сау" жобасы аясында мұғалімдер күніне орай «Маралсай» демалыс базасында тимбилдинг өткізді.

Жыл сайын қазан айының басында біз мұғалімдер күнін атап өтеміз. Қызметпен қатар, демалыс та қатар жүреді. Жұмыс арасында тимбилдингте демалу ұжымды бірлікке, татулыққа алып келеді. Корпоративтік рух көтерілді. Бұл ұмытылмас демалыс Іле Алтауы шатқалындағы «Маралсай» демалыс орнында өткізілді.

Демалыс уақытында түрлі ойында, би, ән шырқау, табиғатты серуендеумен өткізді. Демалысқа жұмыс костюмдері, галстуктер ұмытылып, керісінше тауға ыңғайлы спорттық киімдер киілді. Әрбір ұжым мүшесі жоғары эмоционалды әсер ала білді. Мұндай саяхаттау демалыстары жиі болады деп үміттенеміз.


 
 
 

Басылым күні :  18.10.2016