Оқиғалар мен анонстар

Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұловтың 70 жылдығына арналған Ғылыми Кеңесі өтеді

26.04.2016

ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері», әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазҰУ аясындағы ЭТФ ҒЗИ ғылыми жетекшісі Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұловтың 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 50 жылдығына арналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми Кеңесінің, ҚР Жоғарғы мектеп Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының 2016 жылдың 30-сәуірінде сағат 12.00-де әл-Фараби кітапханасында өтетін салтанатты жиналысы өтеді.

Ары қарай оқу >>

М. Елеуовтың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

21.04.2016

Құрметті әріптестер!

Сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы М. Елеуовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ӨТКЕНІ, БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты тақырыппен өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Белгілі қытайтанушы А. Кенжебаеваның кітаптарының тұсаукесері өтеді

21.04.2016

Қытайтану кафедрасы сіздерді кафедра доценті Аида Кенжебаеваның       22 сәуір күні сағат 11:30-де әл-Фараби даңғылы, 71-ші үйде орналасқан әл-Фараби Ғылыми кітапханасында өтетін "Қысқаша қытайша-орысша-қазақша орысша-қазақша-қытайша ғылыми-техникалық терминдер сөздігі", "Қытай – қазақ әдебиеттеріндегі әйелдер шығармашылығының алатын орны". Салыстырмалы талдау» атты монография және «ХХ- ХХІ ғасырлар тоғысындағы қытай әдебиеті» атты оқу-әдістемелік құралының тұсаукесеріне шақырады.

Ары қарай оқу >>

«Табысқа жету жолы!»

19.04.2016

Бос орындар/тағылымдамалар жәрмеңкесі

 22 сәуір 2016 ж. (9.00-13.00)  әл-Фараби Ғылыми кітапхананасында жыл сайынғы «Табысқа жету жолы!» Бос орындар/тағылымдамалар жәрмеңкесі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Шымкент – тұрақты қала даму жолында: медиа-ақпараттық сауатты тұрғындар» атты Мобильдік медиа мектебі

14.04.2016

2016 жыл 3-5 мамыр аралығында Шымкент қаласы әкімі қолдауымен БҰҰ Тұрақты даму саласындағы мақсаттар аясында Бүкіләлемдік баспасөз күніне арналған «Шымкент – тұрақты қала даму жолында: медиа-ақпараттық сауатты тұрғындар» атты Республикалық мобильдік медиа мектебі өтеді.
Медиа мектеп жұмыс бағыты: Шымкент – Шәуілдір – Арыстанбаб – Түркістан – Кентау – Шаян - Ақмешіт - Домалақ-Ана - Шымкент.

Ары қарай оқу >>

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

14.04.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 15 сәуірде еліміздің және түркі әлемінің тарихындағы ұлы қайраткерлердің бірі, "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы әрі көсемі, саяси қайраткер Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған "Әлихан Бөкейханов және "Алаш мұрасы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

М.Әуезовтің «Көксерек» повесі бойынша оқырмандар конференциясы өтеді

12.04.2016

Филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар ұйымы «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс жүз кітап» жобасы аясында М.Әуезовтің «Көксерек» повесі бойынша оқырмандар конференциясын өткізеді. Конференция қонағы – белгілі аудармашы, профессор Аслан Жақсылықов.

Өтетін уақыты, орны: 12 сәуір, сағ.13.00-14.00, 313 аудитория

Жауаптылар: Доценттер Л.Мұсалы, С.Сейденова, аға оқытушы Э.Бектурова

Ары қарай оқу >>