Жазғы тегін жапон тілі курсы өтеді
20.06.2016Қиыр Шығыс кафедрасы 20-25 маусым аралығында жазғы тегін жапон тілі курсын өткізеді
Қиыр Шығыс кафедрасы 20-25 маусым аралығында жазғы тегін жапон тілі курсын өткізеді
2016 жылы 9-11 шілде аралығында аясында Бүкіләлемдік тұрғын халықтар күнін атап өту аясында «Сандық өркениет дәуіріндегі ақпараттық сауатты тұрғындар: жасөспірім-қыздарға инвестиция» атты ІV Журналистика және коммуникация Халықаралық Жазғы мектебі өтеді.
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ыстықкөлдегі спорт-сауықтыру кешені, Қырғызстан, с. Бөзтері, 9 - 11 шілде 2016 ж.
Қазақстандағы Канада елшілігі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының бірлесуімен, Қазақстанда канадалық басқару, экономикалық және әлеуметтік модельдерінің салыстырмалы зерттеулері бойынша академиялық конференция жұмысының басталғанын қуана хабарлайды
2016 жылы 14 маусым күні сағ.14.00-де Абай ғылыми-зерттеу институтында «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР. ОН ТОМДЫҚ» басылымының тұсаукесер рәсімі өтеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2016 жылдың 6 маусымында сағат 1500–де ректорат ғимаратынының 15 қабатында (әл-Фараби даңғылы 71, Алматы қ.) тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ресми ашылу рәсімі өтеді.
«Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбектер жинағы» – «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» жинағының 11 саны шығуға дайындалып жатыр. Журналистика және байланыс бойынша ЮНЕСКО орталығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы жанындағы «Ғылыми еңбектер жинағы».
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы – 2 аясында кәсіпорындарға АКТ мамандарын даярлау» атты семинар-кеңес өтеді. Семинар еліміздің индустриялық-инновациялық даму басымдықтарын ескере отырып,жоғары білікті мамандарды даярлау сұрақтарын талқылайтын алаң ретінде қызмет етеді.
Британ Кеңесi, Кәсіби Өрлеу және Ынтымақтастық Орталығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Технопаркімен бірлесе отырып “Ньютон-Әл-Фараби” үкімет аралық қазақ-британ бағдарламасы аясында “Impact-факторы” бар жариялымдарды даярлау атты семинар өткізеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2 маусымда Франция мемлекетінің минералогия, шикізат физикасы және ғарыштық химия саласындағы белгілі ғылыми қайраткер, Пьер және Мари Кюри университетінің профессоры, "Carrière" сыйлығының, сондай-ақ, Ғылым академиясының "Ivan Peyches et Dolomieu" сыйлығының және "Léon Bertrand" Франция геологиялық қауымдастығы сыйлығының иегері, Schlumberger компаниясының "Минералогиялық қауымдастық" медалінің иегері - Джордж Каласпен кездесу өтеді.
28-ші мамыр сағат 10.30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған әр кезеңдегі бітіруші түлектердің кездесуі өткізіледі.