«Кітап оқу лидері -2016» атты оқырмандар сайысының қорытынды кеші өтеді

25.04.2016

Көрулер: 6385

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында студенттердің қатысуымен дәстүрлі «Кітап оқу лидері -2016» атты оқырмандар сайысының қорытынды кеші өтеді.

2012 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен «100 кітап» жобасы әзірленді. Жоба аясында ҚазҰУ студенті оқуға тиіс үздік отандық және әлемдік авторлардың классикалық шығармалары таңдалды және тізімі жасалды. Мұндағы негізгі мақсат жастарды кітап оқуға тарту арқылы студенттердің тұлғалық танымын және білім деңгейін көтеру, үздік жыл оқырмандарын тауып, оларды марапаттау. 

Жоба басталған бірнеше жылдың ішінде әл-Фараби кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандар конференциялары, шығарма авторларымен кездесу кештері және студенттер арасында сауалнамалар жүргізу сынды бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.

2014 жылдан бастау алған әл-Фараби кітапханасының «Кітап оқу лидері» жобасы студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылыққа ие болды. Сайыс-жоба үш кезең бойынша ұйымдастырылып, өткізілуде. Алдымыздағы 26 сәуір күні өткізілгелі отырған кеш 2015-2016 оқу жылында  атқарылған жұмыстардың қорытындысы және «Кітап оқу лидері - 2016» сайысының жеңімпаздарын марапаттау кеші болмақ. Кеш барсында ең үздік оқырмандар (ең көп кітап оқыған, жан-жақты білімді, қазақ және шетел әдебиетін жетік білетін), кітапхананың белсенді оқырмандары мен оқытушылары арнайы университет басшылығы атынан жоба төңірегінде атқарған қызметтеріне орай дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сайыс барысында әр оқырман «Кітап оқу лидері-2016» атағын алу үшін сайысқа түсіп, жеңімпаздар анықталды. Кітап оқу лидері – кітапты көп оқыған, қазақ әдебиетін, шетел әдебиетін жетік білетін студенттер арасында анықталады.

Жеңімпаздар сайыстың 3 кезеңі бойынша анықталды:

1-кезең: Сауалнама сұрақтарына жауап беру (жазбаша).

2-кезең:

-          Жоба ойынша дайындалған 100 кітаптың бірінен үзінді беріліп, кітаптың аты мен авторын табады.

-          Сүйікті шығармасының кейіпкерін суреттеп, шығарма мәтінінен мысалдар келтіреді (монолог, диалог т.б).

-          100 кітаптың бірінен ұсынылған шығармаға талдау жасау (ауызша).

3- кезең: Финал және студенттердің сүйікті кітаптары бойынша шағын эссе жазуы.

Жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Сонымен қатар жоба барысында ерекше білімімен көзге түскен студенттерге төмендегідей номинациялар тағайындалады:

•             «Талғампаз оқырман» – классикалық, соның ішінде, заманауи әдебиеттерді көп оқитын оқырманға беріледі;

•             «Өлең - сөздің білгірі» - поэзия жанрының білгірі

•             «Ислам және сопылық әдебиет білгірі»

•             «Полиглот оқырман»

•             «Қазақ әдебиетінің білгірі», «Шетел әдебиетінің білгірі», «Орыс әдебиетінің білгірі»

•             «Ең үздік пікір авторы» – «Менің шығармадан алған әсерім» жинағына енген ең үздік пікір иесіне беріледі;

•             « Эрудит - оқырман» – жан-жақты білімді оқырманға беріледі.

•             «Ең белсенді факультет» және «Ең белсенді ұстаз» номинациялары


Іс-шара барысында кітап баспаларының көрмелері ұйымдастырылады.

Сайыстың демеушілері: ҚР Жазушылар Одағының мүшелері, «Қазақ университеті баспасы», «Алматыкітап», Enactus Kazakhstan, «Step by step» тіл курсы, «Атамұра», «Жазушы», «Жалын» кітап баспалары, «100 кітап» тізіміне енген шығармалардың көзі тірі авторлары.

Жоба жетекшісі: Туенбаева Қалима Төлеубайқызы, әл-Фараби кітапханасының директоры

Жоба үйлестірушілері: Мукашева Шынар Батырханқызы, Манапбаева Жұлдыз Бекболатқызы, Мінайхан Салтанат, Темралинова Чинара Телкенқызы 

 

Ұйымдастырушылыр: әл-Фараби кітапханасы

Өтетін жері: әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат, үлкен зал

Өтетін уақыты: 2016 жыл, 26 сәуір, сағ. 15.00- 17.30

 

Дайындаған Мукашева Ш.Б.

тел. 3931913, 87474521072