Оқиғалар мен анонстар

Әлихан Бөкейхан – Ұлт Көсемінің 150 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел

11.04.2016

«Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» - деп жарық дүниеде «Жасасын Алаш!» деп ұран салып, қазаққа қалтқысыз қызмет еткен, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда ұлттық тәуелсіз мемлекеті үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, Әлихан Бөкейханның туылғанына биыл 150 жыл толып отыр.

 Қазақ көсемінің мерейтойына аз да болса үлес қоссақ екен деген оймен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих, археология және этнология факультетінде 1-курс магистранттары т.ғ.д., профессор Оразгүл Хасенқызы Мұхатованың жетекшілігімен «Ұлт көсемі-Әлихан Бөкейхан» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік. Мақсаты - Алаш ардақтысының мол рухани мұрасының, өшпес идеяларының қазақ қоғамы үшін құндылығын жоймайтындығын дәріптеу, сол арқылы Әлекеңнің ұлт көсемі деген атқа сай екендігін сондай-ақ, тарихи тұлғаның көп қырлы тұстарын аша алсақ деген оймен ұштасып жатты. Дөңгек үстелге т.ғ.д., профессор, ғалым, белгілі алаштанушы Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев шақырылды. Шараға Тарих археология және этнология факультетінің деканы т.ғ.к., доцент Арман Қабдешұлы Жұмаділ, т.ғ.д., профессор, Талас Омарбекұлы Омарбеков, т.ғ.д., профессор Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұлов, т.ғ.к., доцент Лейла Маралқызы Хасанаева сынды оқытушы-профессорлар қатысып, ой білдірді. Дөңгелек үстелде Әлихан Бөкейханның жеке өмірі, ағартушылық қызметі мен ғылыми еңбектері, сондай-ақ жарияланған мақалаларының ғылыми, қоғамдық құндылықтарын ашатын баяндамалар оқылды.

Дөнгелек үстелде алғашқы болып сөз алған т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүше-коорреспонденті Мәмбет Құлжабайұлы Әлихан Бөкейханның тағдырын қазақ ұлтының өмірінен бөліп қарау мүмкін емес екенін айттып сөз бастады. «Ол себебі ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі болатын. Кез келген ұлт-азаттық қозғалыстың көсемінің тағдыры осылай қайғылы аяқталған. Тіпті, Ресей аумағындағы ұлттардың Әлихан Бөкейхан сияқты көсемдерінің тағдыры басқаша болуы мүмкін емес еді», - деп өзінің Алаш тарихын зерттеу жылдарындағы құнды деректерімен, тың мәліметтермен бөлісіп, болашақ зерттеушілерге ой сала отырып, «Егер Латын Америкасы үшін Симон Боливар қандай болса, Әлихан Бөкейхан қазақ үшін сондай тұлға. Егер Ататүрік қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай. Егер Махатма Ганди Үндістан үшін қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай тұлға» деген қорытынды жасады.

Келесі болып сөз алған т.ғ.д., профессор, Талас Омарбекұлы Омарбеков «Әр ұлттың өзінің көсемі бар, ал қазақтың көсемі деген атқа тек Әлекең ғана лайықты, және мұны барлық жағынан мойындау керекпіз» - деп атап көрсетті.

Сондай-ақ дөнгелек үстел барысында ф.ғ. к., доцент Аманқос Мектептегі сөз алып, Алаш ардақтылары туралы сөз қозғап, Әлихан Бөкейханның өз заманындағы баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары туралы
ой білдірді. Шара аясында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің жалпы медицина факультетінің студенттері Ұлт Көсемінің тұлғалық қасиеттері туралы ағылшын тілінде баяндама жасады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде де Әлихан Бөкейхан еңбектері талданды. Тәуелсіздік асқақ арманы болған тұлғаға арналған бас қосуда қазақтың қара домбырасымен күй шертіліп, ән шырқалды, Ұлт Көсеміне арнау оқылды. Алаш ардақтысына арналған бас қосуды т.ғ.д., профессоры Мұхатова Оразгул Хасенқызы қорытындылады.

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,

Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі- деп С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара тұлға.Әлихан Нұрмұхамедұлы көтерген идеялар өлген жоқ. Қайта Алаш рухты жастың бойында, санасында қайта жаңғырып жатыр. Жаңғырып, жасай бермек. Қазақтың шаңырағынан түскен күндей болған ер Әлиханды ел мәңгілікке ұмытпайды. Ұмытпайтыны - Әлиханның идеясы - Алаш идеясы. Ал, Алаштың жолы - біздің жол.

Дөңгелек үстел барысында Әлихан Бөкейханды «Ұлт Көсемі» ретінде мойындау қақында ұтымды ойлар айтылды. Әлихан Бөкейханның қазақ ұлтына жасаған қызметі ұшан теңіз, ұлы тұлғаны «Ұлт Көсемі» ретінде танытар жұмыстарға теңізден тамшы бола алсақ біздегі мақсат орындалды.

 

 

Тарих, археология және этнология факуьтеті «Тарих» мамандығының 1-курс магистранты Қаламқас Қазыбекова

Ары қарай оқу >>

«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»

07.04.2016

2016 жылдың 11-12 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын» және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруды қолдауға арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты V Халықаралық студенттік форум  өтеді.

Ары қарай оқу >>

Эразмус+ Middlesex университетінде

07.04.2016

Халықаралық ынтымақтастық департаменті Эразмус+ бағдарламасы аясында 2016-2017оқу жылы барысында Middlesex университетінде (Лондон) оқытушылық ұтқырлық бағдарламасы аясында тағылымдамадан өту мүмкіндігіі туралы хабарлайды

Ары қарай оқу >>

«SFERA» Халықаралық еріктілер лагерінің семинар-презентациясы өтеді

06.04.2016

Құрметті әріптестер мен студенттер!

8-сәуір 15:00-де (107 мәжіліс залы) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркінде» «SFERA» Халықаралық еріктілер лагерінің семинар-презентациясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Жүсіп Баласағұн шығармашылығының түркі әлемі мәдениетіне қосқан үлесі

06.04.2016

Құрметті әріптестер!

13 сәуірде әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында ұлы ойшыл, ғалым және ақын  Жүсіп Баласағұнның  1000 жылдық мерейтойына орай «Жүсіп Баласағұн шығармашылығының түркі әлемі мәдениетіне қосқан үлесі»  атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді

Ары қарай оқу >>

Қазіргі биотехнология мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге

05.04.2016

7-8 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ІІІ Халықаралық Фараби оқулары шеңберінде, ірі ғалым – микробиолог, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, «Құрмет» ордерінің иегері, ЖОО-2007 Үздік оқытушысы, биология ғылымдарының докторы Жұбанова Ажар Аметқызының 75 жылдық мерейтойына арналған,  «Қазіргі биотехнология мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Ә. Бөкейхановтың 150 жылдығына орай «Ұлт көсемі - Әлихан Бөкейхан» атты дөңгелек үстел өтеді

04.04.2016

2016 жылы 6 сәуір күні  тарих, этнология және археология факультетінде ІІІ Халықаралық Фараби оқулары шеңберінде Ә. Бөкейхановтың 150 жылдығына орай «Ұлт көсемі - Әлихан Бөкейхан» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

Жас аудармашылар сайысына шақырамыз!

04.04.2016

Құрметті жас аудармашылар!

2016 жылы 6 сәуір күні сағат 10:00-де, 310 аудиторияда шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы «Tarzhiman club» ұйымының ұйымдастыруымен жас аудармашылар сайысы өтеді. Болашақ тәржімандарды кәсіби сайысқа шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

«Әл-Фараби және қазіргі заман» атты халықаралық Фараби форумы өтеді

01.04.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы,Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКІСОЙ), Философия, саясаттану және дінтану институты III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ аясында (4-15 сәуір) 2016 жылдың 5-6 сәуірінде «ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫН өткізеді.

Ары қарай оқу >>