М. Елеуовтың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

21.04.2016

Көрулер: 3760

Құрметті әріптестер!

Сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы М. Елеуовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ӨТКЕНІ, БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты тақырыппен өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференция 2016 жылы мамыр айының 6-7 күндері Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтеді.

Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:

  •          ежелгі дәуір археологиясы;
  •          орта ғасыр археологиясы;
  •          Ұлы Жібек жолы және Қазақстанның ортағасырлық керуен жолдары;
  •          этнология мәселелері;
  •          музей және ескерткіштерді қорғау;
  •          Қазақстан археологиясы мен этнологиясының терминология мәселелері.

Конференция – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Ұйымдастыру алқасының мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ГУК-3, 4-2 кабинет.

Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі мағлұматтар арқылы хабарласып білдіре аласыздар:

 

Талеев Дөкей Абдікерімұлы

жұмыс тел.: +7 (727) 377 33 19;

ұялы тел.: +7 777 1165956

е-mail: eleuovconference@mail.ru

 

Ақымбек Ералы Шардарбекұлы

жұмыс тел.: +7 (727) 377 33 19;

ұялы тел.: +7 701 5707240

е-mail: eleuovconference@mail.ru

Құрметпен, Ұйымдастыру алқасы