Белгілі қытайтанушы А. Кенжебаеваның кітаптарының тұсаукесері өтеді

21.04.2016

Көрулер: 4984

Қытайтану кафедрасы сіздерді кафедра доценті Аида Кенжебаеваның       22 сәуір күні сағат 11:30-де әл-Фараби даңғылы, 71-ші үйде орналасқан әл-Фараби Ғылыми кітапханасында өтетін "Қысқаша қытайша-орысша-қазақша орысша-қазақша-қытайша ғылыми-техникалық терминдер сөздігі", "Қытай – қазақ әдебиеттеріндегі әйелдер шығармашылығының алатын орны". Салыстырмалы талдау» атты монография және «ХХ- ХХІ ғасырлар тоғысындағы қытай әдебиеті» атты оқу-әдістемелік құралының тұсаукесеріне шақырады.

«Қысқаша қытайша-орысша-қазақша орысша-қазақша-қытайша ғылыми терминдер сөздігі» автор Қазақстан президентінің «Қазақстан -2050» Стратегиясы бойынша жасаған Жолдауы негізінде құрастырды. Жолдауда Елбасы шет тілдерін үйрену керектігін ерекше атап көрсеткен болатын.

«Қысқаша қытайша-орысша-қазақша орысша-қазақша-қытайша ғылыми терминдер сөздігі» атты еңбектің басты жаңалығы – сөздік түзуші автор Қазақстанда ең алғаш рет әр алуан ғылыми салалада және техникада қолданылатын терминдердің арнаулы атауларын үш тілді сөздікте бірктіріп түзуі боп саналады, атап айтқанда: медицина, химия, тіл білімі, әдебиеттану, математика, физика, биология, тарих, экономика т.б. бағыттағы терминдер. Сөздік шамамен 5 мыңнан астам сөздер мен сөз саптаулардан тұрады, қолданылуы қарапайым, сөздік соңында әр саланың қысқыртылған атауларының толық нұсқасы және пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.  

«ХХ –ХХІ ғасырлар тоғысындағы қытай әдебиеті» оқу-әдістемелік құралы Қытайдың қазіргі таңдағы әдеби процестер мен әралуан бағыттардың дамуына және жекелеген авторлардың шығармашылығын талдауға арналған тараулардан, сондай-ақ магистранттардың өздік жұмыс тапсырмалары, емтихан сұрақтарының тізімдері, семинар тапсырмаларынан, глоссарийден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Оқулықтың әдістемелік негізін қазіргі әлемде өзекті мәселелерге айналып отырған құзыретті-бағдарлы және жеке тұлға-бағдарлы педагогикалық технологиялар құрайды.

Оқу-әдістемелік құралында автор ХХ –ХХІ ғасырлар тоғысындағы қытай әдебиетін кешенді әрі жүйелі түрде таныстырған.

«Қытай –қазақ әдебиеттеріндегі әйелдер шығармашылығының алатын орны. Салыстырмалы талдау» атты монографияда өз туындыларында әйел тұлғасын, олардың нәзік болмысын танытуға арнаған жазушылар Ш.Құмарова, Ш.Бейсенова, А.Кемелбаева, Д. Мамырбаева, Г. Шойбекова, Л.Қоныс, Чжаң Айлин, Чжаң Цзе, Чжаң Каңкаң, Уаң Аньи, Цан Сюе т.б. прозалық тундыларындағы әйел тематикасы мен әйел бейнесін ғылыми тұрғыдан салыстыра отырып қарастырылған. Аталған еңбек жоғарғы оқу орындарының филология және шығыстану факультеттерінде «Әдебиет теориясы», «Қазіргі заманғы қытай әдебиеті», «Шығыс әдебиеттануына кіріспе», «ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы қытай әдебиетіндегі заманауи тенденциялар», «Қазіргі заманғы қазақ әдебиеті», «Қазіргі таңдағы әйелдер шығармашылығы» пәндеріне және арнаулы курстарда кеңінен пайдалануға болады. Монографияда берілген аналитикалық тұжырымдар сондай-ақ қазіргі таңдағы әйел санасының өзіндік ерекшеліктерін зерттеп жүрген философтар мен психологтар, әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушылар үшін дерек көзі бола алады.

Аида Әбдіғаниқызы Кенжебаева 1973 жылдың 15 қарашасында Алматы облысында дүниеге келді. 1990-1995 жылдар аралығында Кенжебаева А.А. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің қытайтану бөлімінде оқыды. Ланчжоу университетінің қытай тілі факультетінде тіл жетілдірді және Чжынчжоу университетінде ғылыми тәжірибеден өтті. Халықаралық дәрежедегі симпозиумдарға, конференцияларға және ғылыми семинарларға тұрақты түрде қатысып, баяндамалар жасайды. Кенжебаева А.А. жүзден аса ғылыми, оқу-әдістемелік, және ғылыми-ақпараттық мазмұндағы еңбектердің және жаңа заман талабына сай жазылған қытай тілі оқулықтары мен сөздіктерінің авторы.

 

Байланысу жолдары:

87478454467

e-mail:china.aida@mail.ru 

Қытайтану кафедрасы