ІІІ Азия-Еуропалық Бизнес-Инновациялар Конгресі

18.04.2016

Көрулер: 3216

 2016 жылдың 21-22 сәуір аралығында Орталық Азияның қаржы-экономикалық орталығы  Алматы қаласында  ІІІ Азия-Еуропалық Бизнес-Инновациялар Конгресі өтеді.

Аталған аса ірі іс-шараның мақсаты индустриалды-инновациялық даму, орта және ірі кәсіпкерлік, заманауи мемлекеттік және корпоративті басқару, мемлекеттік-жеке серіктестік, сонымен қатар аймақтың және жақын серіктес-мемлекеттерінің жоғары оқу орындарында бизнес білім беру салаларында Батыс пен Шығыс арасындағы өзара іскерлікті дамытуға және нығайтуға бағытталған кәсіби негізді бастау болып табылады.

Конгрестің мақсаты дүниежүзілік қоғамдастықтың Орталық Азияда кәсіпкерлік бастамалардың пайда болуы мен дамуына негіз бола алатын аса қолайлы жағдайларға, аймақтың географиялық орналасудың тиімді ерекшеліктері, тарихи және табиғи байлықтарына, сонымен қатар Қазақстан үшін аса маңызды Алматыда өткізілетін «Универсиада – 2017» мен Астанада өткізілетін «EXPO-2017»  сияқты іс шараларға назар аудару.

Конгресс үшін БҰҰ-мен алдағы 15 жылға жоспарланған тұрақты даму үшін 17 мақсатты іске асыру аясында дискуссиялар аса маңызды орын алады.

Спикерлер мен қатысушылар қатарында келесі ұйымдардың ТОП-менеджменті кіреді: орта бизнестің Неміс-Қытай қауымдастығы, Орталық Азиядағы Неміс экономикасының одағы, ТМД-дағы неміс бизнес-клубы, Фраунгофер институты, Рим клубы мен Өнер мен ғылым Әлем Академиясы, Швейцариялық және Қытай инвестициялық холдингтері мен агенттіктері,  Еуропалық коучинг Ассоциациясы, Тайвань және Орталық Азия мемлекеттерінің өнер және экономикалық  серіктестік Қауымдастығы, ҚР Бірінші Президентінің қоры жанындағы әлемдік экономика мен саясаты Институты, Инженерлік білім берудің Қазақстандық Ассоциациясы, Қазақстанның жоғары мектебінің ұлттық Академиясы, Орталық Азияның сауда-өндірістік палаталары, сонымен қатар Американың, Еуропаның және Азияның бас консулдары, Орталық Азия республикаларының білім беру және экономика министрліктерінің жоғары лауазымды қызметкерлері, мен аймақтың алдыңғы қатарлы ЖОО-ның ректорлары, ҚХР-ның үкіметінің “Бір белдеу -  бір жол” жобасының хатшысы.

2016 жылы Конгрестің тақырыбы: “Шығыс пен Батыс арасындағы өзара әрекеттестік – бизнеспен ынтымақтастықтың жаңа формалары”

Сессиялардың негізгі тақырыптары:

Бизнес және кәсіпкерлік білім беру.

Тұрақты даму үшін бизнес.

“Жібек жолы” экономикалық аймағы

Орталық Азияда бизнесті дамытудың халықаралық және аймақтық тәжірибесі.

Конгреске қатысуға және Шығыс пен Батыс арасындағы кәсіби және мәдени ынтымақтастықты дамытуға белсенді үлес қосуға шақырамыз.

Өткізілетін орын мен уақыт: Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы

4 қабат. Басталуы: 10:00-18:00   21-22 сәуір.

Аккредитацияға арналған байланыс телефондары:

8(727) 377 3148/49

ҚазҰУ баспасөз қызметі.