Оқиғалар мен анонстар

"Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық"

26.02.2018

2018 жылдың 11-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Оксфорд университетімен (Ұлыбритания) және ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының Ұлттық комитетімен бірлесе отырып "Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық" ("Arid Lands: Environmental and Social Sustainability") атты Халықаралық ғылыми конференциясын өткізуін хабарлайды. Бұр ісшара Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан аридті аймақтарының тұрақты даму өзекті мәселелеріне арналған.

Ары қарай оқу >>

Мұрат Әуезовке арналған «Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері

21.02.2018

22 ақпан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да белгілі қоғам қайраткері, жазушы, публицист, филология ғылымдарының докторы, ҚР журналистика академиясының академигі Мұрат Әуезовке арналған «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Адамдық негізі – әйел»

21.02.2018

2018 жылдың 22 ақпан айында сағат: 11.00-де ҚазҰУ-да ЖОО студенттері арасында «Адамдық негізі - әйел» деген тақырыпта «Ай-Ару» рухани танымдық қыздар орталығының І фестивалі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Академик Т.Тәжібаевтың туғанына 108-жылдығына арналған конференция өтеді

12.02.2018

2018 жылдың 23 ақпанында ҚазҰУ-да Академик Т.Т. Тәжібаевтың туғанына 108-жылдығына арналған ««Рухани жаңғыру» ұлтты рухани жандандыру бағдарламасын жүзеге асыру контекстіндегі қазіргі таңдағы психологиялық ғылым және тәжірибе» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Qazaqstan телеарнасының 60 жылдығы

09.02.2018

2018 жыл  15 ақпан сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының (416) акт залында «Qazaqstan» телеарнасының 60  жылдығына арналған «Qazaqstan» еліміздің телеэпопеясы:  ұлттық арнаның даму моделі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастайды.  

Ары қарай оқу >>

Еуразиялық кеңістіктегі энергетикалық трендтер

09.02.2018

14 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қор Өкілеттілігімен "Еуразиялық кеңістіктегі энергетикалық трендтер" атты тақырыпта халықаралық конференция өткізеді .

Ары қарай оқу >>