«Хусни хат» курсына шақырады

12.02.2018

Көрулер: 885

«Хусни хат» үйренгісі келетін барлық оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттердің назарына!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы жанындағы «Al-Kitab» орталығында 15.02.2018- 12.05.2018 уақыт аралығында 3 айлық «Хусни хат» курсы ашылады.

Курс сабақтары аптасына 80 минуттан 1 рет болады. Бұл курс араб жазуы негізіндегі көркем жазудың түрлерін меңгеруге бағытталған.

Курсты толықтай аяқтаған қатысушыларға «AlKitab» орталығынан арнайы сертификат беріледі.

Курс бағасы: Бір айға 3000 тг., ҚазҰУ есепшотына төленеді.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95а (А.Байтұрсынұлы көшесінің қиылысы), 542 ауд.

Өтетін уақыты әр бейсенбіде 15.00-16.20 аралығы.

Байланыс тел. +7-778-958-30-41, 8727-243-83-54