ҚазҰУ-да қазақ кинолар апталығы болады

14.02.2018

Көрулер: 1643

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 19 ақпаннан бастап қазақ кинолар апталығы басталады.  

Фестивальдің ашылуы Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтеді. Ашылу салтанатына режиссерлар мен актерлар, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері және ҚР мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысады. Бірінші күні көрермендерге Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» фильмі көрсетіледі.

20-25 ақпан аралығында қазақ кинолар апталығының барлық фильмдерін «Керемет» қызмет көрсету орталығының кинозалында көруге болады.

Қазақ кинолар апталығының бағдарламасы

Өту күндері: 19-25 ақпан 2018 ж.

19 ақпан

19 ақпан

  •  Ө.Жолдасбеков ат.Студенттер Сарайында апталықтың ашылуы Алматы қ.,

С. Нарымбетовтың «Аманат» көркем фильмі – сағ 17.00

(режиссердің қатысуымен).

20 ақпан

әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың «Керемет» қызмет көрсету орталығының кинозалы

«Обратная сторона Луны» Г. Бекмухамедованың деректі фильмінің көрсетілімі – сағ. 17.00

21 ақпан

«Подарок Сталину» көркем фильмі көрсетілімі – сағ.17.00

22 ақпан  

«Жерұйық» көркем фильмі көрсетілімі – сағ.17.00

23 ақпан  

«Алжир» көркем фильмі көрсетілімі – сағ.17.00

24 ақпан

«Оралман» көркем фильмі көрсетілімі – сағ.17.00

25 ақпан

«Жат» көркем фильмі көрсетілімі – сағ.17.00