Академик Т.Тәжібаевтың туғанына 108-жылдығына арналған конференция өтеді

12.02.2018

Көрулер: 3847

2018 жылдың 23 ақпанында ҚазҰУ-да Академик Т.Т. Тәжібаевтың туғанына 108-жылдығына арналған ««Рухани жаңғыру» ұлтты рухани жандандыру бағдарламасын жүзеге асыру контекстіндегі қазіргі таңдағы психологиялық ғылым және тәжірибе» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Конференция мақсаты - қазіргі таңдағы психологиялық ғылымның өзекті мәселелерін Т.Т.Тәжібаев идеялары және «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мемлекеттік бағдарламасы контекстіндегі психологиялық және педагогикалық білім берудегі ерекшеліктерді талқылау.

талқылау және олардың шешімдерін іздеу болып табылады. 

Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, психологтар, магистранттар, докторанттар, ЖОО студенттері, іргелес пәндердің (педагогика, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік педагогика және т.б.) мамандары шақырылады.

Жұмыс тілдері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің оқу ғимараты

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, академик Т.Т. Тәжібаев атындағы этнопедагогика және этнопсихология орталығы.

Секциялардың тақырыптары:

  1. Т.Тәжібаев идеялары және «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ұлтты рухани жандандыру бағдарламасы идеяларының контекстіндегі қазіргі таңдағы психологиялық-педагогикалық ой
  2. Психологиялық және педагогикалық білім берудің өзекті сұрақтары
  3. Қазіргі таңдағы білім берудің этнопедагогикалық және этнопсихологиялық аспектілері
  4. М.М.Мұқановтың психологиялық мұрасы және оның идеяларының психологиялық-педагогикалық зерттеулерде дамуы
  5. Қолданбалы психологиялық және педагогикалық зерттеулер

Конференцияға қатысу өтініші, электронды түрдегі баяндаманың мәтіні 2018 жылдың 11 ақпанына дейін psychol.kaznu.2017@gmail.com электронды почтасына қабылданады.

Ұйымдастыру жарнасы жариялануымен бірге – 4000 теңге.

Жариялану талаптарын ақпараттық хаттын қосымшасынан қараңыз. Өтінішсіз және талапқа сәйкес келмеген баяндама жарияланбайды.

Жол ақысы мен тұру ақысы шетелдік және шетелдік қатысушылардың өз қаражаты есебінен.

Конференцияға қатысты сұрақтар бойынша Ұйымдастыру комитет мүшелеріне байланысуларыңызды сұраймыз. Телефондары: +7 (727) 292 57 17 (+2131), + 7 7772068537 (Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна).

ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІШІ

ТАӘ (толық)

  

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Жұмыс/оқу орны

 

Лауазымы

 

Пошталық адрес (индексімен)

 

Баяндама тақырыбы

 

Бөлім

 

Байланыс телефоны және электрондық адресі

 

Қатысу формасы (күндізгі оқу/тек қана жарияланым)

 

ҚОСЫМША

Жарияланым шарттары

Баяндама мәтіні Microsoft word мәтіндік редакторында терілуі қажет. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тіліндегі баяндамалар шрифті Times New Roman, өлшемі – 14, жол аралығы – 1, көлемі – 5 бетке дейін. Шеттері - 2 см әр жақ шеттен. Пайдаланған әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында баяндамадағы сілтеме реті бойынша орналасады.

Мәтіндегі пайдаланған әдебиеттерге сілтеме нөмірі тік жақшаға алынады. Мысалы: [1, С.12]. Түйіндеме қажет емес.

Баяндама мәтінінің, өтініштің (беттер нөмірленбейді, файлдың аты бірінші автордың тегімен сақталады, баяндама мен өтініш бір файлда тұрады) электрондық нұсқасы 2018 жылдың 11 ақпанына дейін ұсынылуы тиіс. Жариялану талаптарына сәйкес келмейтін мақалалар қарастырылмайды.

Баяндама авторының саны 4-еуден аспауы қажет. Дайын материалдарды конференцияның басталуына дейін жарияламақ жоспарда, сол себепті уақытынан кейін келген немесе жариялану талаптарына сәйкес келмеген баяндамалар қабылданбайды.