Оқиғалар мен анонстар

Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы

27.03.2018

4 сәуірде «Фараби әлемі» форумы шеңберінде халықаралық қатынастар факультеті, Еуропалық Ақпараттық Орталық Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25-жыл толуына орай және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуропалық ақпараттық орталықтың 20-жылдығына арналған «Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы: қазіргі таңдағы үрдістері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Инновациялық идея - жетістікке арналған жолы!»

19.03.2018

2018 жылдың 29 наурызында Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес жоғары мектебі, менеджмент және маркетинг кафедрасы ұйымдастырған «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша X Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді.

Ары қарай оқу >>

"Әз-Наурыз"

19.03.2018

Ұлыстың ұлы күніне орай студенттер қалашығының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін  «Әз-Наурыз» мерекелік іс-шараның құрметті қонағы болуына шақырамыз. Бұл күні ақ дастархан жайылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріледі.

Ары қарай оқу >>

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында

16.03.2018

19 наурызда саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен Еуразиялық интеграция институты директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша құрылған Ұлттық комиссия мүшесі, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Николай Калашниковпен кездесу өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Аймақтық және этно-конфессионалдық қақтығыстар: қауіптер, қатерлер, болашағы және зерттеу әдістемесі»

14.03.2018

2018 жылдың 14 наурызында Марбург университетінің профессоры Торстен Бонакер «Аймақтық және этно-конфессионалдық қақтығыстар: қауіптер, қатерлер, болашағы және зерттеу әдістемесі» тақырыбында семинар өткізеді. 

Ары қарай оқу >>

Аутоиммундық аурулардың өзекті мәселелері бойынша I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

13.03.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медицина факультеті - 27-28 наурызда Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстанның барлық өңірлеріндегі ведомстволық ұйымдардың қатысуымен «Аутоиммундық аурулардың өзекті мәселелері бойынша I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция» өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Университеттік online кітапхана» электрондық кітапханалық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері» атты вебинар

13.03.2018

2018 жылдың 14 наурызында сағ. 13.00-де ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған «Университеттік online кітапхана» электрондық кітапханалық жүйесінің (ЭКЖ) функционалдық мүмкіндіктері» атты жеке вебинар өткізіледі. Семинар жүргізушісі: Каллиников Павел Юрьевич - «Университеттік online кітапхана» ЭКЖ оқу- әдістемелік орталығының жетекшісі, бас сарапшы, Мәскеу қ.

Ары қарай оқу >>