Оқиғалар мен анонстар

"DIGITAL KAZAKHSTAN"

30.01.2018

Германдық зерттеулер орталығы 2018 жылы 31 қаңтар күні неміс сарапшысымен "Цифрлық Қазақстан" тақырыбы бойынша  іс-шара өтетіні туралы хабарлайды.

Dr. Бургхард Шеель (Burghard Scheel) "Цифрлау және Индустрия 4.0 – модельді цифрлық фабрикалар" (Digitalisierung und Industrie 4.0 Kasachstan – "Modeldigital Factories") атты презентациясы мен баяндама  жасайды. (ағыл.т.)

Ары қарай оқу >>

Елші дәріс өткізеді

29.01.2018

2018 ж. қаңтар айынның 30 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының шақыруымен Қазақстандағы Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Шри Прабхат Кумар мырза «Елші сағаты» дәрісін өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚР БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретіндегі қызметінің нәтижесі

24.01.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Алматыдағы өкілдігі Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаментімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретіндегі қызметінің нәтижелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Дөңгелек үстел 2018 жылдың 6 ақпанында әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде өтеді.

Ары қарай оқу >>

Филология мен шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері

23.01.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Сүлейман Демирель университеті және Queen's университетімен бірлесе отырып филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Б. Мадиеваның ғылыми-педагогикалық қызметінің 35 жылдығына арналған «Филология мен шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері: теория және практика» атты ІV Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын 26.01.2018 ж. өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Тілдік курстар

22.01.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Тәржіман және тіл» ғылыми-практикалық және аударма орталығы тілдік курстарға шақырады. Біздің орталықтың білікті де тәжірибелі оқытушы-мамандары өз білімдеріңізді тереңдетуге көмек береді.

Ары қарай оқу >>

Экологиялық генетика мен экпериментальды биологияның өзекті проблемалары

22.01.2018

2018 жылдың 25 қаңтарында биология және биотехнология факультетінде «Экологиялық генетика мен экпериментальды биологияның өзекті проблемалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Ашық лекция

18.01.2018

2018 жылдың 25 қаңтарында 1000-ден 1300-ге дейін әл-Фараби кітапханасының ақ залындагеография және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы Пьер және Мария Кюри Университеті - Sorbonne-Universités келген профессор Жиль Бёф (Франция) «Биоалуантүрлілік және тұрақты даму» тақырыбында ашық лекция ұымдастырады.

Ары қарай оқу >>