«Университеттік online кітапхана» электрондық кітапханалық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері» атты вебинар

13.03.2018

Көрулер: 2837

«Университеттік online кітапхана» электрондық кітапханалық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері» атты вебинар

 

2018 жылдың 14 наурызында сағ. 13.00-де ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған «Университеттік online кітапхана» электрондық кітапханалық жүйесінің (ЭКЖ) функционалдық мүмкіндіктері» атты жеке вебинар өткізіледі. Семинар жүргізушісі: Каллиников Павел Юрьевич - «Университеттік online кітапхана» ЭКЖ оқу- әдістемелік орталығының жетекшісі, бас сарапшы, Мәскеу қ.

Вебинарда келесі сұрақтар қарастырылады:

• Қолданушылардың ЭКЖ-де тіркелуі және олардың түрлі деңгейлері (Бас қолданушы (Әкімші); оқытушы; білім алушы);

• Кітапты алдын ала қарау парағы;

• Кітапты оқу, кітаптың оқу парақтарының функционалы: ✓ кітаппен жұмыс және оқу үшін баптау (масштабтау, ауысу, т.с.с.); ✓ кілт сөздер бойынша іздеу, табылған беттерге ауысу; ✓ бір кіруде (бір авторизацияда) кітап көлемінің 10% -ын көшіріп алу мүмкіндігі; ✓ белгілер жасау; ✓ кітаптің pdf файлының мәтіндік қабаты, дәйексөздерді дәйексөз жинағышқа көшіріп, әрі қарай жұмыс істеу үшін дайындамалар жасау.

• Кітапхана бойынша іздеу;

• Іздеу іріктемелері;

• Жеке кабинетте жаңа шыққан кітаптар бойынша таратылатын тізімдерді қалыптастыру (менің ғылыми ізденіс салам)

• Әдебиет тізімі және библиографиялық сипаттамасы;

• Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) және дәйексөз алу;

• Оқытушылар автор ретінде;

• Оқытушылар үшін қосымша мүмкіндіктер: ✓ ЖОО аудиториясы үшін өз материалдарын (файлдар) орналастыру; ✓ білім алушылар үшін ұсынылатын әдебиеттің интерактивті тізімін жасау.

Вебинарға қатысу үшін http://b16644.vr.mirapolis.ru/mira/s/03aJKk сілтеме бойынша тіркелу қажет.

Тіркелгеннен кейін әрбір қатысушыға жүйеден вебинарға кіруі үшін жеке сілтемесі көрсетілген хат келеді. Қатысушылар үшін вебинарға кіру басталуынан 15 минут бұрын ашылады.

Вебинардың ұзақтығы – шамамен 1 сағат.

Барлық қатысушылар "Директ-Медиа" компаниясынан тегін атаулы электрондық сертификаттар алады.

 

Техникалық жағдайларға байланысты кафедрада вебинарға қатысу мүмкін болмаса, кітапхананың электрондық залынан тыңдауға болады.

Вебинарға қатысу өтінімдеріңізді library@kaznu.kz электрондық мекен-жайына жіберуге болады.

Өтінімде қатысушы аты-жөнін, жұмыс орнын, қызметін, телефон нөмірін, электрондық почтасын көрсетуі тиіс.

Анықтама үшін телефон: + 7 727 393 40 66 (кітапхананың әдістемелік орталығы).