COMSATS Үйлестіру кеңесінің ХХІ отырысы
Көрулер: 2968
2018 жылдың 3-4 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оңтүстікте тұрақты даму үшін ғылым мен технология бойынша комиссияның (COMSATS) ХХІ Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – беделді халықаралық үкіметаралық COMSATS ұйымының ТМД-дағы жалғыз мүшесі, сондай-ақ университет Қазақстанда COMSATS Озық тәжірибе орталығы болып табылады. 25 қатысушы-мемлекеттерді біріктіретін осы халықаралық ұйымның бөлігі болып табылатын ҚазҰУ озық тәжірибе орталығының бірлескен оқу және ғылыми жобаларына белсенді қатысады. COMSATS Үйлестіру кеңесінің отырысы бірінші рет посткеңестік елдерінің құрамына кіретін мемлекет аймағында өткізілуде.
COMSATS Үйлестіру кеңесінің құрамына Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің 21 халықаралық ғылыми-техникалық орталығының басшылары кіреді.
Кеңес отырысын өткізудің мақсаты – COMSATS Озық тәжірибе орталықтарының қызметін қорытындылау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы есептерді тыңдау, тұрақты даму мақсатындағы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту.
COMSATS Үйлестіру Кеңесінің биылғы отырысы ҚазҰУ-нің брендті ғылыми іс-шарасы V Халықаралық Фараби оқулары аясында өтеді.
Кездесуге ғылым мен техника саласындағы 50-ден астам танымал шетелдік сарапшылар, жетекші ғылыми орталықтар мен университеттердің басшылары қатысады.