Бірінші дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығына арналған халықаралық конгресс
Көрулер: 7135
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 10-14 қыркүйек 2018 жылы Стамбул университетінің бірге Бірінші дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығына арналған халықаралық конгресс өткізеді. Конгрес жұмысы соғыс тақырыбын әлеуметтік ғылымдар аясында (тарих, әдебиет, әлеуметтану, құқық, қаржы, психология, өнер тарихы және т.б.) жан-жақты талдауға бағытталған. Конгресстің негізгі мақсаты адамзат тарихының бөлінбес бөлшегі болып отырған соғыс зардаптарын жергілікті және жаһандық көлемде талдап, нақты шешімдер қабылдау.
Қабылданған құжаттар тезистері электронды жинақта конгреске дейін жарық көреді.
Конгресс өтетін орын: Стамбул университетінің әдебиет факультеті.
Конгресс тілі: түрік және ағылшын
Тезистерді қабылдау: 1- ақпан -3 маусым 2018 жыл
Тіркелу мен құнын төлеудің соңғы мерзімі: 9 шілде 2018 жыл
Конгресс бағдарламасының анонсы: 9 шілде 2018 жыл
Конгресс өтетін уақыт: 10-14 қыркүйек 2018 жыл
Толығырақ мына сілтемеде:
http://iu-sosyalbilimlerkongresi.ist/en/index.html